Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда №30 мектеп-гимназиясы жөндеуге жабылады

Алматыда №30 мектеп-гимназиясы жөндеуге жабылады

Әлеумет 12.02.2025, 17:14 1,053
Алматыда №30 мектеп-гимназиясы жөндеуге жабылады
Сурет: Yandex.kz

Алматы қаласының білім басқармасы хабарлағандай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерді жаңарту бойынша бірыңғай жоспарды бекітті.

Медеу ауданында 46 жыл бұрын салынған №30 мектеп-гимназиясы ашылғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде реконструкциялау жұмыстарын бастау үшін барлық дайындық шарасы аяқталды, мердігер компания таңдалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталады. 2026-2027 оқу жылына дейін оқушыларға жайлы жағдай жасау жоспарланып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын бастау туралы түпкілікті шешім қабылдамас бұрын барлық білім беру үдерісіне қатысушылар мен ата-аналар алдын ала құлағдар етіледі.

Қазіргі уақытта мектепте 1067 оқушы оқиды. Оқу үдерісі қалыпты режимде, сабақтар уақытылы өтіп жатыр.

11 ақпанда Медеу ауданының білім бөлімі мен Алматының білім басқармасы өткізген жалпы мектептік ата-аналар жиналысында мектепті жаңарту жобасы туралы толық ақпарат берілді. Ата-аналар көкейде жүрген сұрақтар қойып, ұсыныс білдіре алды.

Оқушыларға үздіксіз білім беру үшін мектеп әкімшілігі мен білім басқармасы оқушыларды Медеу ауданындағы басқа білім беру мекемелеріне бөлу туралы келісімге келді:

·        «№77 жалпы білім беретін мектеп» КММ - 414 оқушы;

·        «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ - 326 оқушы;

·        «№56 Гимназия» КММ - 210 оқушы;

·        «М. Мәметова атындағы «№28 мектеп-лицейі» КММ - 117 оқушы.

Бұған қоса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды: қажет болған жағдайда оларды мектептерге автобустармен тасымалдау ұйымдастырылады.

№30 мектеп-гимназиясының жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін оқушылар заманауи әрі жайлы оқу жағдайында білім алады. Жаңарту жобасы аясында:

  • мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі;
  • заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау;
  • мектеп жиһазын жаңарту;
  • кітапхана мен асхананы жаңғырту;
  • спорт залын қайта құру;
  • қауіпсіздік жүйелерін орнату.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #№30 мектеп-гимназия #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика