AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавируспен ауырып ж...

Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавируспен ауырып жатыр

Медицина 17.08.2021, 15:05 1,749
Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавируспен ауырып жатыр
Сурет: Gorsovet.com.ua

Бүгінде Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханаларында 5 963 адам жатыр, оның ішінде 195 бала бар.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, 15 тамызда қалада коронавирустық инфекцияның 1 517 оқиғасы (жергілікті) тіркелді, оның ішінде 1 429 жағдай симптомды және 88-і симптомсыз. 944 адам емделіп шықты, 651 сырқат түсті. Бүгінде қолданыстағы инфекциялық төсек-орындар 63%-ды құрайды.



 «АМСК және Телемедицина орталығының мобильді топтары 13 221 пациентті үйде бақылауда, олардың жеңіл және орташа ауыр дәрежедегісі - 12 685, симптомсыз - 535 адам», - деді Нариман Табынбаев.



Ол сондай-ақ ағымдағы жылдың 16 тамызындағы жағдай бойынша 817 196 адамға бірінші компонентпен, ал 643 514 алматылыққа екінші компонентпен егілгенін айтты. Өткен тәулікте бірінші компонентпен 5 396 адамға, екінші компонентпен 5 273 адамға екпе жасалды.


Спикер КВИ-мен ауыратын балалар саны арта түскенін айтты. Қазір 195 бала ауруханада, 2 540-ы үй жағдайында емделуде.



«Үшінші толқын өршіп тұрған кезде Алматы ауруханалардағы балалар саны 30-40-тан аспайтын. Штаммның қазіргі түрімен балалар жиі ауруда. Өткен аптада балалардың арасында жұқтыру тіпті өршіп кетті. Стационарларда 245 науқас бала болды. Өкінішке орай, қайғылы жағдай да орын алды, 1 айлық нәресте қайтыс болды. Коронавирустың жаңа штаммы өте қауіпті әрі жұқпалы, балалар оны тез жұқтырады», - деді Алматы ҚДБ басшысы.



Нариман Табынбаев Алматыға жеткізілген Vero Cell вакцинасы туралы да айтты.



«Бұл препаратты қытайлық Sinopharm компаниясы шығарған. Бұл көптеген вакциналар сияқты инактивті. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер бірдей. Вакцинаның тиімділігі 72% деңгейде анықталады. Ол екі дозалы, екінші компонент біріншісінен 21 күн өткен соң салынады. Елеулі өзгерістер тіркелмеген. Ауырсыну, әлсіздік, ұйқышылдық болуы мүмкін. Vero Cell вакцинасының кері әсері жоқ және пайдалы. Алматыда үлкен сұранысқа ие . Өткен тәулікте осы вакцинамен  270 адам егілді, қаланың СОСО бұл препаратқа сұраныс жоғары», - деді Нариман Табынбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #бала #науқас #Вирус #індет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);