AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 6255 орындық 80...

Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 6255 орындық 80 балабақша ашылады

Білім және ғылым 21.08.2023, 06:52 1,239
Алматыда 2023 жылдың соңына дейін  6255 орындық 80 балабақша ашылады
Сурет: интернеттен

3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 118 бала мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұр.


Айта кетейік, мегаполисте барлығы 919 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары бар, оларда 79 600 бала (194 мемлекеттік, 725 жеке балабақша) білім алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.


Спикердің хабарлауынша, бүгінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 118 бала мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұр.



 "Осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6255 орындық 80 балабақша, оның ішінде 5395 орындық 75 жеке меншік балабақша және 860 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 630 орындық 47 жаңа балабақша ашылды, оның ішінде 300 орындық 1 мемлекеттік балабақша және 46 жекеменшік балабақша бар", - деді Л. Жылқыбаева.



Сонымен қатар, биыл жекеменшік балабақшаларға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 5000 орынға қаржы бөлінді, бүгінгі күні 3801 орынға жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.  Жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы 40 995 орынға 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орналастырылған.


Осы шаралардың нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту – 93,5% құрады, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 95% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда.


Бұдан басқа, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады.


Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды орындау шеңберінде Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық құрылды. Оның басты мақсаты балабақша тәрбиешілерін әдістемелік сүйемелдеу.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #мектеп #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика