конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» кітабы...

Алматыда «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» кітабының тұсаукесері өтеді

Хабарлама 28.04.2025, 09:59 987
Алматыда «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» кітабының тұсаукесері өтеді
Cурет: aqshamnews.kz

29 сәуір күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Жалғасқали Дүтмағанбетовтың «1812 жыл: Соғыс және Бейбітшілік (Қазақы нұсқа)» атты трилогиясының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шығарманың басты ерекшелігі — қазақ тарихында көп айтылмай жүрген тақырыптардың архивтік деректер негізінде баяндалуы. Автор Наполеон әскерін өкшелеп қуған орыс әскерінің құрамында ерлікпен шайқасқан қазақ сарбаздарының ерлігін тарихи шынайылықпен көрсетеді. Бұл соғысқа жазушының өз бабалары да қатысқан. Трилогияда олардың тағдыры туралы да кеңінен айтылады: солардың бірі Франциядан Мишель есімді қызды алып келіп, ұрпақ өрбіткен. Бүгінде олардың ұрпақтары әлі де бойларындағы француз қанымен ерекшеленіп келеді.

Кітапта архивтік құжаттармен қоса, тарихи фотосуреттер де берілген, оның ішінде Құлсарыдағы Мишельдің бейітінің суреті де бар.

Трилогия алғаш рет қазақ тілінде жарық көріп, кейін кәсіби аудармашылардың көмегімен орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылды. Аударма сапасына ерекше көңіл бөлген автор Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің мамандарымен тығыз жұмыс істеген.

«1812 жыл: Соғыс және Бейбітшілік» трилогиясы шектеулі таралыммен «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);