Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 16 кітапхана модернизацияланды

Алматыда 16 кітапхана модернизацияланды

Әлеумет 02.09.2021, 13:38 807
Алматыда 16 кітапхана модернизацияланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жаңарған кітапханаға келушілер саны 60%-дан асқан.  


Алматы кітапханалары жаңа жұмыс форматына көшті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мегаполистің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің объектілерін модернизациялау Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.


Ғани Майлыбаевтың мәліметінше, қаланың 16 кітапханасы модернизацияланды. Форматтың жаңаруынан кейін келушілер саны 60%-дан асқан. Кітапханаға жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін 758 000 адам келсе, бүгінде келушілердің саны 1 260 000 адамды құрайды. 


 Жаңа кітапханалар сыртқы келбетін өзгертіп қана қоймай, жұмыс режимін де өзгертті. Енді олар апта бойына күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Модернизациядан кейін әр кітапханада орындар саны артты, жеке жұмысқа, қарым-қатынасқа, іс-шараларға және интернет-бөлмелерге арналған түрлі бұрыштар құрылды.


Ғани Майлыбаев кітапханаларға жаңа тыныс берілгенін, мұнда тегін шығармашылық үйірмелер өткізілетінін, әдеби сурет залдары мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылғанын айтады. Модернизациядан кейін 90-нан астам үйірме құрылды, оған 9 400-ден астам адам қатысады.


«Биыл Бостандық және Медеу аудандарының тағы 2 қалалық кітапханалары модернизацияланады», - деді Ғани Майлыбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #модернизация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі