AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас м...

Алматыда 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Әлеумет 11.01.2024, 05:57 1,198
Алматыда 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
almaty-akshamy.kz

2023 жылы Алматыда 1 407 этникалық қазақ «қандас» мәртебесіне ие болды. 151 адам мәртебесін тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Басқарма тарихи отанына келген этникалық қазақтармен «қандас» мәртебесін беру және ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы 1 407 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, 151 адам мәртебесін тағы бір жылға ұзартты», - деді Б.Жаубасов.



Сондай-ақ, отбасын біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын Қазақстанға көшіру үшін 37 этникалық қазаққа шақыру берілді. 


Сондай-ақ, спикер көші-қон жұмысына қатысты мәселелерді қозғады. Пана іздеп жүрген адамдарға және Таяу Шығыстан Қазақстан мен Палестинаның 127 эвакуацияланған азаматын туыстарына беру жөнінде куәліктер берілді.



«Басқарманың қызметіне шетелдік білікті қызметкерлерге рұқсат беру, ұзарту функциялары да кіреді. 2023 жылы жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 1 242 рұқсат берілді, жергілікті бюджетке 738 млн теңге көлемінде салық алымы төленді», - деп қорытындылады басқарма басшысы Б.Жаубасов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қандас #Жаубасов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);