Алматыда 1275 адамды кене шаққан

Алматыда 1275 адамды кене шаққан Сурет: Qyzyljarnews.kz

Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы медицина мекемелеріне кене шаққан 1275 тұрғын жүгінді.

Оның ішінде 619 -ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарайды Almaty-akshamy.kz.

«Шұғыл медициналық көмек барлығына дер кезінде көрсетіліп, белгілері бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене энцефалиті тіркелген жоқ», - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Эпидемиологтың айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы вакцинация.

«Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну керек, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынады»,- деп атап өтті дәрігер.

Кене инфекцияларының алдын алу мақсатында осы жылдың 13-ші мамырынан бастап қалалық саябақтар мен скверлерде өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Өңдеу жұмыстары Алатау, Алмалы, Әуезов және Жетісу аудандарында аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21