Алматыда 11 балабақшаға меңгеруші қажет: Білім басқармасы ашық конкурс жариялады

Алматыда 11 балабақшаға меңгеруші қажет: Білім басқармасы ашық конкурс жариялады Рая ЕСКЕНДІР

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

 

1.        Алматы қаласы Білім басқармасының «Санаториялық № 38 бөбекжай-балабақшасы» КММ меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Куприна көшесі, 7 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 90 бала, оқыту тілі аралас.

 

2.                  Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 76 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Теректі шағын ауданы, Ақтілек көшесі, 10 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.

 

3.                  Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 165 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ұлжан-1 шағын ауданы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 46 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 390 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.

 

4.             Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 40 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсеитова көшесі, 45А үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, оқыту тілі қазақша.

 

5.             Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 200 арнайы бөбекжай-балабақша» КММ меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Пирогов көшесі, 2 үй

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2025 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 70 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.

 

6.        Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағын ауданы, 166А үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 90 бала, оқыту тілі аралас.

 

7.        Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 171 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Көкжиек шағын ауданы, 67 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 140 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.

 

8.        Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 175 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Көкжиек шағын ауданы, 42А үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 95 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.

 

9.             Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 109 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Кармысова көшесі, 34 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 245 бала, оқыту тілі аралас.

 

10.         Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 195 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бегалин көшесі, 121 үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2023 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 140 бала, оқыту тілі аралас.

 

11.         Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 145 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстар бар балаларға арналған арнайы бөбекжай» КММ меңгерушісі,

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 188 А үй.

Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 60 бала, оқыту тілі аралас.

Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 181 571 теңгеден 220 150 теңгеге дейін.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

·                    жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

·                    немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

·                    осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

·                    арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

·                    "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

·                    және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

·                    "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

·                    және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:

·                    нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

·                    педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

·                    педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

·                    Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

·                    ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

·                    ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

·                    ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

·                    тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

·                    әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

·                    тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

·                    мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

·                    оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

·                    жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

·                    педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

·                    педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

·                    ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

·                    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

·                    педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

·                    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

·                    "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);

·                    "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);

·                    компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

·                    экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

·                    еңбек заңнамасының негіздері;

·                    ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің              2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 үй мекенжайында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

          «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 үй, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok.2@mail.ru

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында офлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77073583242. Элекрондық адрес: service.ok.2@mail.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:12

17:09

16:53

16:39

16:27

16:14

16:03

15:59

15:54

15:48

15:41

15:38

15:32

15:27

15:04

14:57

14:32

14:26

14:20

14:13

14:08

12:45

12:25

12:15

12:03