AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда 10 жыл бұрынғы қылмыстың үкімі шықты

Алматыда 10 жыл бұрынғы қылмыстың үкімі шықты

Оқиға 26.07.2022, 09:32 1,251
Алматыда 10 жыл бұрынғы қылмыстың үкімі шықты
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл - 2012 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында болған қылмыс.


Алматыда 10 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Наурызбай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.


Әңгіме сонау 2012 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында болған қылмыс туралы. Төбелес кезінде ер адам қарсыласының өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет пышақ салған. Дерек бойынша полицейлер соталды тергеу амалдарын бастаған. Алайда кейін іс тоқтатылған.



«Полиция күдікті адам бола тұра, жауапқа тартатын тұлғаның анықталмауына байланысты қылмыстық істі негізсіз тоқтатты. Осылайша қылмыскер жауапкершіліктен босаған. Тек Наурызбай ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана қылмыстық іс қозғалды. Алматыда 2012 жылы басталған қылмыстық іске қатысты заңды қорытынды шықты», - деді прокурорлар.



Қадағалау органының нұсқауымен іс қайта қозғалды. Осылайша, бірқатар тергеу амалы жүргізіліп, күдіктіге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылған. Ол қамауға алынды. Кейін прокурорлар істі сотқа жіберген.



«2022 жылдың наурызында сот айыпталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды. Ол адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл мамырда апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды», - делінген хабарламада.



Сонымен қатар, прокурорлар қылмыскерді жауапкершіліктен босатуға жол берген полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдарды ПД ішкі қауіпсіздік бөліміне жолдаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #үкім #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);