AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 10 жастағы баланың асқазанынан бір келі ш...

Алматыда 10 жастағы баланың асқазанынан бір келі шаш пен жүн шықты

Медицина 08.04.2023, 15:41 1,654 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда 10 жастағы баланың асқазанынан бір келі шаш пен жүн шықты
сурет:sputnik.kz

Ер баланың шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтатын жаман әдеті болған.


Алматылық хирургтар баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүнді алып тастады  деп хабарлайды, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


10 жастағы бала Алматының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасына іші ауырып, құсып, әлсіз, мазасыз болып түскен. Анасы баланың аузына бөгде заттарды салатын әдеті бар екенін ескерткен. Компьютерлік томографияға түсірген соң асқазанда бөгде зат бары анықталды.


Оператор Марат Каптағаев, ассистент Азат Олжабаев және анестезиолог-реаниматолог Жандос Шолақов 90 минутқа созылған операцияны сәтті аяқтады, асқазан мен он екі елі ішектен трихобезоар алынды. Ер баланың асқазанында диаметрі 20 және 15 сантиметр, шырыш пен тамақ қоспасы бар 900 граммдық шаш пен жүн алынды. Ер баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, кілем, киіз шайнап, жұтатын жаман әдеті болған. Үйде бала кілемнің түгін жегені анықталды.



«Алматы қаласының № 2 БҚКА бас дәрігері Марат Рабандияровтың айтуынша, асқазан-ішек жолдарының трихобезоары - өте сирек кездесетін патология, бірақ қазіргі заманғы абдоминалды хирургияның өзекті мәселесі».



№2 балалар ауруханасының дәрігерлері безоардың ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.



«Ата-аналар балаларының патологиялық мінез-құлқына баса назар аударуы қажет. Жаман әдеттер болса, дереу мамандарға, психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға жүгінген абзал».



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #2 балалар ауруханасы #безоар #шаш пен жүн жұту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);