Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда 1 қыркүйекте үш жаңа мектеп ашылады

Алматыда 1 қыркүйекте үш жаңа мектеп ашылады

Білім және ғылым 22.08.2022, 10:10 1,849
Алматыда 1 қыркүйекте үш жаңа мектеп ашылады
Сурет: Tengrinews.kz

Қазір қалада мектептердегі орын тапшылығын азайту шаралары жалғасуда.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлімдеді.


Ведомство өкілі атап өткендей, қазір қалада мектептердегі орын тапшылығын азайту шаралары жалғасуда. Бүгінде ол 19 611 орынды құрайды.



«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде "Қалқаман", "Саялы" және "Томирис" шағынаудандарында 5100 орындық 3 жаңа мектеп және №№191, 146, 125 мектептерде 875 орындық қосалқы ғимараттар ашылады», - деді А. Сайлаубай.



Қаладағы жалғыз үш ауысымды №196 мектептің мәселесі оқу жылының басында «Мәдениет» шағынауданында жобалық қуаты 1500 оқушыға есептелген жаңа мектептің ашылуымен шешімін таппақ.


2022 жылдың соңына дейін 6000 орындық тағы 4 мектепті ("Қалқаман-2", "Қайрат", "Дархан", "Нұркент" шағынаудандарында) пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ №48 және 9 мектептердің қосалқы ғимараттары пайдалануға берілмек.


Қала әкімдігі 1 800 орындық мектептерді орналастыру үшін екі ғимарат сатып алады (Бостандық және Наурызбай аудандарында).



Сонымен қатар, оқу жылының басында жеке инвестициялар есебінен 3250 орындық 6 мектеп (Әуезов ауданында - 280 орындық «Достық» мектебі, Медеу ауданында - 200 орындық «Вундер академия» мектебі, Наурызбай ауданында - 590 орындық «Заман» мектебі, Түрксіб ауданында - 400 орындық Millennium мектебі ашылады, қалған 2 мектеп осы жылдың соңына дейін ашылады).



15 қалалық мектептің «Мектеп спорт алаңдарын модернизациялау» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Алматы #жаңа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика