AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда 1 наурызда «Астана» алаңы жабылады

Алматыда 1 наурызда «Астана» алаңы жабылады

Не? Қайда? Қашан? 29.02.2024, 10:19 1,424
Алматыда 1 наурызда «Астана» алаңы жабылады
almaty-akshamy.kz

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы қаласының құтқару қызметімен» және ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірге 2024 жылғы 1 наурызда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Астана» алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың көрмесін өткізеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған көрмеден алматылықтар қаланың авариялық-құтқару күштерінің арнайы құрал-жабдықтарымен танысуға мүмкіндік алады.



  • Демонстрациялық көрме - азаматтық қорғау және қауіпсізідік мәдениетін қалыптастыру саласындағы білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындарын құтқару қызметтері мен құралымдардың мүмкіндіктерімен таныстыру үшін өткізіледі.

  • 3000-ден астам оқушы мен студент өрт сөндіруші–құтқарушы мамандағының ерекшеліктерімен таныса алады, олардың ішінде «Жас құтқарушы» мектеп жанындағы клубтардың мүшелері де бар.

  • Сонымен бірге ұтқыр платформадағы жер сілкіністерінің симуляторы көрсетіледі. Бұл тренажер жер сілкінісінің көлденең және тік дүмпулерін ұқсататын үй бөлмесінің макетінде көрсетілген.

  • 90 метр биіктіктен адамдарды құтқаруға арналған Қазақстандағы ең биік иінді көтергішті жақын жерден көруге болады. 


Еске сала кететіні, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылдан бастап 1 наурыз күні  Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні болып атап өтілуде. Қазақстан Республикасы 1996 жылы ХАҚҰ мүшелігіне кіріп, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін шешу бойынша халықаралық деңгейде белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаң #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика