AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жа...

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Білім және ғылым 18.02.2026, 17:25 335 Дина
Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

25–26 ақпан күндері Алматы идеялар, алгоритмдер және технологиялық серпілістер алаңына айналады. BilimHack Almaty–2026 қалалық хакатоны екі күн бойы колледждердің 200-ден астам студентін біріктіріп, оларды білім алушылардан стартап жобаларын әзірлеушілерге айналдырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жай  байқау емес. Бұл – қаланың нақты IT-экожүйесіне бастайтын мүмкіндік алаңы.

Жасанды интеллект жүйелерінің, автоматтандырудың және цифрлық трансформацияның қарқынды дамуы дәуірінде жаңа технологиялық кеңістікті қалыптастыратын – жастар. Хакатон қатысушылары болашақ білім беру саласына арналған шешімдерді әзірлейді: зияткерлік кәсіптік бағдар беру жүйелері, инклюзивті цифрлық сервистер, оқытуды жекелендіруге және білім беру үдерістерін басқаруға арналған жасанды интеллектке негізделген құралдар.

Үздік жобаларға 1 миллион теңге көлемінде жүлде қоры мен қолдау көрсетіледі. Алайда ең бастысы – командалар өз идеяларын шынайы іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Жобаларды IT-нарықтың және инвестициялық саланың өкілдері бағалайды — яғни технологиялармен күнделікті жұмыс істеп, өнімдерді нарыққа шығарып жүрген сарапшылар. Сарапшылар құрамында:

Ерлан Мейрамбаев — Алматы энергетика және байланыс университеті нің топ-менеджері

Малика Шуматова — HotKey компаниясының бас атқарушы директоры (CEO)

Максим Дзюба — Careerhub.kz техникалық директоры

Руслан Қайназаров — Careerhub.kz компаниясының backend-әзірлеушісі

Нұрбек Бекаулов — Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жанындағы Инновациялық орталық директоры

Олардың міндеті – тек жеңімпаздарды анықтау емес, ертең-ақ ауқымдауға болатын шешімдерді іріктеу.

Қалалық IT-экожүйенің мүмкіндіктері мен технологиялық бастамаларды қолдау шаралары туралы Almaty Hub білім беру және бизнес-бағдарламалар менеджері Назкерім Зияда баяндама жасайды.

Бүгінде Алматы цифрлық болашаққа нық қадам басуда. BilimHack Almaty – 2026 жобасы шынайы трансформация жастардың идеяларды нақты технологиялық шешімдерге айналдыруынан басталатынын айқын көрсетеді.

Хакатон 25–26 ақпан күндері Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті алаңында (Манас көшесі, 34/1) өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #көшбасшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);