конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындары Мемлекет басшысынан ордендер мен...

Алматы тұрғындары Мемлекет басшысынан ордендер мен медальдар алды

Әлеумет 07.03.2025, 13:52 634 Bakyt
Алматы тұрғындары Мемлекет басшысынан ордендер мен медальдар алды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Марапатталғандар тізімінде — еңбегімен, ерен ісімен қала мен елдің дамуына үлес қосатын Алматының әйел тұрғындары бар.

Президенттің жарлығымен білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Зайда Жайсанова марапатталды. Оның кәсіби қызметі қазақ мектептерін дәріптеумен, неміс тілін оқыту әдістемесін жетілдірумен және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен байланысты.

Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Татьяна Лесова да марапатталды. Ол жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, жоғары біліктілік санатындағы жаттықтырушы, КСРО чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері.

Мемлекет басшысы биыл жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматжылукоммунэнерго» ЖШС қазандық шаруашылығын пайдалану ауданы №6 учаскесінің химиялық су тазарту аппаратшысы Ольга Дрофа марапатталды. Ол кәсіпорында 1996 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді және өзінің еңбек жолын бүгінгі күнге дейін жалғастыруда.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «ALMATY MAI» ЖШС шикізатты қабылдау және шротты түйіршіктеу цехының бастығы Ирина Хасанова марапатталды. 

1997 жылдан бастап «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталық» қоғамдық қорын басқаушы Аманбике Ерғалиева «Шапағат» медалімен марапатталды. Оның әлеуметтік саладағы жұмыс өтілі 30 жылдан асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #8 науры #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);