AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы тұрғындары газға байланысты қызмет көрсетет...

Алматы тұрғындары газға байланысты қызмет көрсететін ұйымды өздері таңдауға құқылы

Алматы Бүгін 11:10 54
Алматы тұрғындары газға байланысты қызмет көрсететін ұйымды өздері таңдауға құқылы

Қала тұрғындары үй ішіндегі газ жабдығына, түтін мен желдету арнасына қызмет көрсететін ұйымды өз бетінше таңдауға құқылы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жеке компания өкілдері тұрғындарды шарт жасасып, Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) атынан қызмет ақысын төлеуге міндеттей алмайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қазандық пен газ шаруашылығы нысандарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлімінің басшысы Дәурен Дүйсекенов осылай деді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта Төтенше жағдайлар департаментіне жеке сектор тұрғындарынан түсетін шағым жағы жиілепті. Олар газ жабдығына қызмет көрсетуді мәжбүрлеп ұсынатын ұйым өкілдерінің үйге келетінін айтқан. ТЖД мұндай қызметті маманданған ұйымдар көрсететінін, ал үй иесі қызмет көрсету туралы шартты кіммен жасасатынын өзі шешетінін еске салды.

Ұйымдар мен оларға берілген аттестат туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресми ресурсынан тексеруге болады. Ұсынылған қызметпен немесе баға прейскурантымен келіспеген жағдайда, тұрғындар «ВДГО Алматы» деп іздеу арқылы интернеттен басқа ұйымды таңдай алады.

Шарт жасаспас бұрын тұрғындар мамандардан неге келгенін сұрап, көрсетілетін қызметтің тізбесі мен құнын нақтылап, сондай-ақ жеке куәлігі мен жұмыс істейтін құқығын растайтын құжатты көрсетуді талап етуі керек.

«Егер ұйым өкілдері төлем жасауға асықтырса, айыппұл саламыз деп қорқытса немесе ТЖД атынан әрекет етіп жатқандай әсер қалдыруға тырысса, қысыммен шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Ұйымның атауын сұрап, құжатын көрсетуді талап етіңіз. Шарт талабымен толық таныспайынша оған қол қоймаңыз. Күмән туындаған жағдайда мәліметті ресми дереккөз арқылы тексеріп алып, құқық қорғау органына жүгінуге болады», – деді Дәурен Дүйсекенов.

Жұмыс басталғанға дейін ұйым үй иесіне жүргізілген тексеру актісі мен істелетін жұмыстың тізбесін ұсынуға, сондай-ақ олардың құнын алдын ала келісуге міндетті.

«Алматы қаласының ТЖД өнеркәсіптік кәсіпорындардағы газ және газбен жабдықтау саласында бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады. Ал жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Коммуналдық инфрақұрылым мен тұрғын үй инспекциясы басқармасының құзыретіне жатады. Жеке ұйым шарт жасасуға қол жеткізу үшін өзін ТЖД қызметкері ретінде таныстыруға немесе департаменттің атын жамылуға құқылы емес», – деп түсіндірді спикер.

Жұмыс аяқталғаннан кейін ұйым біткен жұмыс актісін беруге міндетті. Үй иесі жұмыс пен пайдаланылған материалдың сапасын тексеруге құқылы. Кемшілік анықталған жағдайда актіге қол қоюдан бас тартып, оларды жоюды талап ете алады.

Өз құқығы бұзылған жағдайда тұрғын ұйымға жазбаша шағым жазып, ал қажет болған кезде сотқа талап қоюға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» жобасы аясында 100 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған

Бүгін 12:30

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 12:30

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 12:07

Алматыда Президент жолдауын іске асырудың тетігі талқыланды

Бүгін 11:42

Әлемдік БАҚ Тоқаевтың цифрлық экономикасы туралы: Қазақстан жасанды интеллект әлеуетін арттырып келеді

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);