AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі үшін үй...

Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі үшін үйшіктер орнатылады

Әлеумет 03.09.2021, 03:14 1,459
Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі үшін үйшіктер орнатылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Медеудің төменгі бөлігінде арқанды саябақ пен денсаулық жолы салынуда.


Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев туристердің тауда қауіпсіздігі мен жайлы болуын қамтамасыз ететін шаралар кешені туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында Алматының тау кластерінің туристік әлеуетін дамытуда ең бастысы туристер мен альпинистердің қауіпсіздігі мен жайлылығы екенін атап айтты.



Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі модульдік құрылым сияқты үйшіктердің қалай құрастырылып жатқанын тексерді.



«Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған. Ішінде алғашқы көмек көрсету жинағы, маршрут картасы, мобильді құрылғыны қуаттау стансасы, жылы көрпе мен азық-түлік жиынтығы бар. Шатырда SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне жіберетін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.




Таудағы қауіпсіздік шаралары шеңберінде Үлкен Алматы мен Тұйық су шатқалдарында бақылау-құтқару пункті ашылады. Онда тікұшақ алаңын ашу да жоспарда бар. Шымбұлақта қысқы маусымға дайындық жүргізілуде – шаңғы трассалары мен қонақ үй жаңартылуда. Сондай-ақ визит-орталық ашылады.



Алматы әкімі Medeu Park Hotel-ді құру, жаңартылған Qazaq Auyl экокешені мен альпинистердің сүйікті мекені – Тұйық су шатқалындағы глэмпингті құру жобаларымен танысты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #қауіпсіздік #безопасность #Горы #әкім #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Кеше 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Кеше 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Кеше 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Кеше 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Кеше 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);