конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ALMATY SUMMER FEST концерттері алматылықтардың сүй...

ALMATY SUMMER FEST концерттері алматылықтардың сүйікті жазғы демалысына айналды

Алматы 20.07.2026, 15:24 213
ALMATY SUMMER FEST концерттері алматылықтардың сүйікті жазғы демалысына айналды
Алматы әкімдігі

ALMATY SUMMER FEST аясында өткен кезекті ауқымды концерт Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Ашық аспан астындағы музыкалық кеште көрермендер қазақстандық танымал өнерпаздардың өнерін тамашалап, жазғы фестивальдің ерекше атмосферасын сезінді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ALMATY SUMMER FEST – Алматы қаласы әкімдігі тұрғындар мен мегаполис қонақтарына арнап ұйымдастырып отырған ауқымды мәдени жоба. Жаз бойы әр сенбі сайын «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтетін тегін концерттер бүгінде алматылықтардың ең сүйікті демалыс форматтарының біріне айналды. Жоба қаланың мәдени өмірін жандандырып, түрлі буын өкілдерін бір алаңда тоғыстырып, Алматының мәдени күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналып келеді.

Бұл сенбіде сахнада Кәмшат Жолдыбаева, Amre, Гүлнұр Оразымбетова, Сырым Исабаев, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Бағым Мұхитденова, Інжу, Бағдат Сейіт, Ақтоты Болшова, Арманай, Erik Akhim, DEARAIKAA, DANNA, Мәди Шалтан, Diana Miyer, Alee & Batyr, Әлішер Қарабай, Римма Ахметова, DJ Akhmetoff, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің артистері өнер көрсетті. Жанды дауыстағы әндер, әсерлі концерттік нөмірлер мен жарқын шоу-бағдарлама көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль концерттері Алматы тұрғындарының ғана емес, қала қонақтарының да ерекше қызығушылығын тудыруда. Апта сайын көрермен саны артып, ALMATY SUMMER FEST Алматыдағы жазғы маусымның ең жарқын әрі көпшілік асыға күтетін мәдени жобаларының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #фестиваль #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Gran Fondo World Championship: Алматыда жексенбі күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:16

Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады

Бүгін 15:24

Белсенді сайлау науқаны Құрылтай сайлауындағы қатысу белсенділігін арттыруы мүмкін – сарапшы

Бүгін 15:15

Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы

Бүгін 15:06

ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);