AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін ц...

«Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру мен автоматтандыруды жалғастыруда

Алматы Бүгін 14:45 42
«Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру мен автоматтандыруды жалғастыруда
Pexels.com

Жыл соңына дейін тексеру актілерін толықтай электрондық форматқа көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйесін басқаруға цифрлық технологияларды енгізуде. Негізгі міндет – инфрақұрылымды, деректерді және өндірістік процестерді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру.

Қазіргі уақытта геоақпараттық жүйеде (ГАЖ) су құбыры және кәріз желілерін электрондық паспорттау, олардың кеңістіктік моделін өзектендіру, сондай-ақ объектілерді, желілік тораптар мен есепке алу нүктелерін бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру жұмыстары жалғасуда.

Алдағы уақытта су ағындарын анықтау, желілердің жай-күйін талдау және сумен жабдықтау режимдерін оңтайландыру үшін цифрлық қосарды (Цифровой двойник), гидравликалық модельдеуді және жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлануда.

Тұтынушыларға арналған цифрлық сервистер де кеңейтілуде. Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар қазірдің өзінде онлайн режимінде беріледі, шарт жасасу процесі электрондық форматқа көшірілді, ал түбіртектердегі деректерді өзгерту проактивті режимде жүзеге асырылады.

Жыл соңына дейін тексеру актілерін толықтай электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Мамандар құжаттарды тікелей планшеттер арқылы рәсімдей алады, бұл оларды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Кәсіпорын инфрақұрылымды бақылауға, жөндеу жұмыстарын жоспарлауға және өндірістік процестерді басқаруға арналған бірыңғай цифрлық құралға ие болады, ал тұрғындар үшін онлайн-сервистер саны артып, қағазбастылық азаяды.

Байланыс телефондары: +7 (727) 227-60-24, +7 (775) 681-23-32, +7 (702) 100-27-65, almatysu.kz.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қауіп тобындағы жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды

Бүгін 15:16

Алматы қаласында суды есепке алудың заманауи құралдарына көшу жеделдетілуде

Бүгін 14:50

Алматы қаласында суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары күшейтілуде

Бүгін 14:48

«Алматы Су» қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруда

Бүгін 14:41

Алматыда «Қазақконцерт» әртістері мен Құрманғазы оркестрінің бірлескен концерті өтеді

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);