AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы студенттерге жаңа жатақхана салынады

Алматы студенттерге жаңа жатақхана салынады

Әлеумет 29.11.2024, 17:13 927 Bakyt
Алматы студенттерге жаңа жатақхана салынады
Satpaev University

Алматыда Satpaev University студенттері үшін салынатын тоғыз қабатты жаңа жатақхананың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Іс-шара мемлекеттік студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ қатысуымен ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек, Satpaev University басшылығы мен белсенділері, сондай-ақ жобаға инвестиция салған компаниялардың өкілдері қатысты.

Жиналғандар мен университеттің ардагер оқытушылары жобаның басталуымен құттықтап, студенттердің жаңа жатақханаға жоспарланған мерзімде, яғни 2026 жылдың басында көшіп баруына тілек білдірді.

  • Жаңа жатақхана 319 тұрғын бөлмеден тұрады және 955 студентке арналған. Тоғыз қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 11 мың шаршы метрден асады, ал құрылыс алаңы – шамамен 1 гектар. Сондай-ақ, 15 көлікке арналған тұрақ қарастырылған.

– Бұл құрылыс өткен жылы ашылған жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе аясында жүзеге асырылуда. Жоба Мемлекет басшысының бес бастамасы шеңберінде іске асырылып, «Қаржы орталығы» АҚ қатысуымен субсидияланады, – деп атап өтті Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек.

Әзиз Қажденбектің айтуынша, мегаполис студенттері үшін жатақхана мәселесі өзекті болып қала береді. Биылғы оқу жылы басталғалы бері 1600 орын ашылды.

  • Жыл соңына дейін Алматыда жалпы саны 4500 орындық жаңа жатақханалар пайдалануға берілмек. Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылы 4000 жаңа орын ашылған еді, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш одан әрі артады деп күтілуде.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Satpaev University #жатақхана #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);