Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы шабыттандырады: әйелдер спорты мегаполисте...

Алматы шабыттандырады: әйелдер спорты мегаполисте танымал болуда

Әлеумет 05.03.2025, 17:39 762
Алматы шабыттандырады: әйелдер спорты мегаполисте танымал болуда
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

8 наурыз қарсаңында Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы өтті.

Онда «Смелость быть первым» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Almaty Marathon» директоры, марафоншы және Ironman Салтанат Қазыбаева әйелдер спортының дамуы, белсенді өмір салтының маңыздылығы және стереотиптерді еңсеру туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматыда туып-өскен Салтанат бала кезінен әкесінің арқасында спортпен байланысты болды. Алайда, спикер атап өткендей, ол кәсіби спортпен айналыспаған.

«Бала кезімде өзімді әр түрлі секцияларда сынап көрдім, бірақ еш жерде узаққа қалмадым. Ересек кезімде жүгіруге және триатлонға қызығушылық таныта бастадым, бүгін өзімді Ironman деп атай аламын», - деп бөлісті ол.

Ironman - 4 км жүзуді, 180 км веложарысты және 42 км марафонды қамтитын триатлондағы күрделі жарыс. Бүгінгі таңда Салтанат Қазыбаева бұл қашықтықты 5 рет бағындырып, халықаралық және жергілікті жарыстардың жүлдегері және жеңімпазы атанды.

«Almaty Marathon» басшысы ретінде Салтанат әйелдер спортын белсенді дамытуда. Ол 2012 жылы Алматыда марафондар басталған кезде қатысушылар арасында әйелдер аз болғанын еске салды.

«14 жыл ішінде біздің іс-шараларымызға 39 мыңға жуық адам қатысты. Олардың тек 14 мыңы ғана әйелдер. Бұл жартысынан аз. Бірақ жыл сайын жағдай өзгеруде», - деп атап өтті ол.

Бүгінде Алматыда әйелдер спортпен белсенді айналысып қана қоймай, спорттық жетістіктерді мансаппен, отбасымен және жеке тұлғалық өсуімен біріктіре отырып, елеулі табыстарға қол жеткізуде. Алайда, Қазыбаеваның айтуынша, әлі күнге дейін гендерлік стереотиптер бар.

«Тіпті кәсіби спортта ерлерге көбірек көңіл бөлінеді. Футболда, жеңіл атлетикада, теннисте ерлер арасындағы жарыстар көбірек қаржыландырылады және көрермендер қызығушылығына ие болады. Бірақ арулар да үлкен спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады және оны көрсету керек!» - деді ол.

Спорттағы аруларды қолдау үшін бір жыл бұрын әйелдер арасында жүгіру, триатлон және салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтын «Trigada» әйелдер спорт қоғамдастығы құрылды.

8 наурыз қарсаңында Trigada қатысушылары 500 қатысушыны жинап, Тұңғыш Президент саябағында әйелдер жүгіруін ұйымдастырды.

«Біз мұндай шаралардың көбірек болғанын қалаймыз, арулар спорттың баршаға қолжетімді екенін түсінулері қажет. Әйелдер спортпен шұғылдануға, жеңіске жетіп, мықты болуға құқылы!» - деп атап өтті Қазыбаева.

Алматы спорттық инфрақұрылымды дамытуды және әйелдер арасында белсенді өмір салтын насихаттауды жалғастыруда. Қалада марафондар, веложарыстар, триатлондар мен фитнес-фестивальдар өтеді, секциялар мен спорттық қауымдастықтар ашылып жатыр.

«Спорт - денсаулық туралы ғана емес, сенімділік, тәртіп және жаңа көкжиектер туралы. Алматы - бұл мүмкіндіктер қаласы, мұнда әрбір ару белсенді өмір мен жеңістерге өз жолын таба алады», - деп қорытындылады Салтанат Қазыбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шабыт #әйелдер спорты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика