конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы-Қаскелең жолы 8 жолаққа дейін кеңейтілмек

Алматы-Қаскелең жолы 8 жолаққа дейін кеңейтілмек

Алматы Бүгін 09:35 76 Сұлу
Алматы-Қаскелең жолы 8 жолаққа дейін кеңейтілмек

Алматы-Қаскелең жолы 8 жолаққа дейін кеңейтілмек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ұзындығы 8 шақырымды құрайтын «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының Алматы қаласынан Қаскелеңге дейінгі учаскесін кеңейту жобасы іске асырыла бастады. Қазіргі таңда жолдың жүру бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынды. Жоба көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, жол желісінің кептеліс деңгейін төмендетуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру аясында қолданыстағы жол учаскесінде заманауи көлік инфрақұрылымы қалыптастырылады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 527 метрді құрайтын 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жалпы ұзындығы 282 метр болатын 2 кері бұрылыс көлік айрығы, автопавильондары бар 23 автобус аялдамасы, ұзындығы 12,9 шақырым сыртқы жарықтандыру жүйесі, су өткізу құрылыстары және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи элементтер салынады. Сонымен қатар, ұзындығы 18,5 шақырымнан асатын металл тосқауыл қоршаулар орнатылып, 305 жол белгісі қойылады.

Қазіргі уақытта нысанда қажетті жол-құрылыс техникасы мен мамандар толық жұмылдырылған. Жұмыс алаңында экскаваторлар, бульдозерлер, автосамосвалдар, фронтальды тиегіштер, автогрейдерлер және өзге де арнайы техникалар тартылған. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр: топырақтың құнарлы қабаты алынып, жол жолағы шегіндегі жасыл желектер тазартылып, құрылыс жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізуге арналған аумақ әзірленуде.

«Алматы – Қаскелең» учаскесін жаңғырту қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға және осы бағыттағы жүк және жолаушылар трафигінің одан әрі өсуіне ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #жөндеу #жол жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);