AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының ұстаздары «Үздік педагог» атанды

Алматы қаласының ұстаздары «Үздік педагог» атанды

Әлеумет 11.12.2023, 05:03 1,037
Алматы қаласының ұстаздары «Үздік педагог» атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Республика бойынша 64 мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары «Үздік педагог» атағына ие болды. Топ жарғандардың арасында Алматы қаласының 6 ұстазы бар:



  1. «Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ­  —  Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы

  2. «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ тарих пәнінің мұғалімі — Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы

  3. «Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» өндірістік оқыту шебері —  Маметаева Гүлжан Әбілдайқызы

  4. «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы —  Темірбекова Айжан Болатқызы

  5. «Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері — Әубәкірова Жанаркүл Бердікожақызы

  6. «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы —  Серікханова Ақбота Берікханқызы


Республиканың үздік педагогтарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттады. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 (1000 АЕК)  көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.


Айта кетейік, «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатысты. 



«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі.


Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Конкурсты өткізу рәсімінің өзі автоматтандырылған және ашық түрде өтті. Республикалық конкурстық комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері және т. б. кірді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұстаз #педагог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Бүгін 12:14

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Бүгін 12:03

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады

Бүгін 11:20

Жол апатынан кейінгі ауыр жарақат пен 10 ота: алматылық дәрігерлер науқасты аяғынан тік тұрғызды

Бүгін 10:53

Арманға қанат бітірген орда: Алматы Оқушылар сарайының бүгінгі тынысы

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);