Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөн...

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

Ресми бөлім 02.04.2025, 17:02 675
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды
Сурет ЖИ

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы – 42 адам, оның ішінде:

- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар – 39 адам;

- мемлекеттік органдардың өкілдері – 3 адам.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Алматы қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Алматы қаласы мәслихатының көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік орган – Алматы қаласының мәслихаты. Құжаттар қолма-қол беріледі немесе Алматы қаласы мәслихатының электрондық мекен жайына жіберіледі.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

 

Үміткерлер келесі жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы хабарландыруда көрсетілген құжаттар мен толық мәліметтер ұсынылмаған кезде;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттар 2025 жылғы 03 сәуірден бастап 2025 жылғы 16 сәуірді қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

 

Мекен жайы: Алматы қ., Жароков көшесі, 215, 103 кабинет.

Электронды пошта: maslihat23@mail.ru

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 3382635.

Жұмыс режимі: «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» КММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Өтініш нысаны Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған  (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық кеңестер #заң #кандидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика