Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы қаласының жер қатынастары саласын Антикор т...

Алматы қаласының жер қатынастары саласын Антикор тексеріп жатыр

Заң мен тəртіп 24.04.2023, 10:37 1,351
Алматы қаласының жер қатынастары саласын Антикор тексеріп жатыр
Сурет: Вaq.kz

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы.


Президент тапсырмасын орындау бойынша Антикоррупциялық қызмет Алматы әкімдігімен бірлесіп, тау бөктеріндегі аудандарда жер бөлу және құрылыс салу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық қаупіне талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл мәселені алдын ала зерделеу құрылыстың барлық кезеңдерінде елеулі қауіп барын көрсетеді. Бұл шенеуніктердің жер бөлудегі заңсыз әрекеттеріне әкеп соғады. Салдарынан функционалдық аймақтар мен нысаналы мақсат өзгереді, кадастрлық құн толық төленбейді.


Бұған қоса, Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталған.



"Мысалы, 2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылды. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз іске асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді. Сонымен бірге, қолданыстағы Бас жоспар 2011 жылы өзектілігін жойды, ал жаңасы әлі бекітілмеген", делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.



Сонымен қатар, Агенттік өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында 5 000-ға жуық нысан бар. Оларда 26 мың адам тұрады.


Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астындағы сары топыраққа 12 тұрғын үй салынған. Соңғы екі жылда ландшафтты заңсыз өзгертудің 26 фактісі анықталды.


Мысалы, Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды үңги қазған. Мамандардың қорытындысы бойынша алынған топырақтың көлемі 100 мың текше метр болған. Бұл жерлер сату мақсатында 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген.


Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді.


Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі.


Осындай 900-ден астам факт анықталды.


Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған.


Осы процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғады. Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам төленбеген.


Сонымен қатар, тектоникалық үзілім аймақтарында жерлер шығарылды. Осылайша, жеке компанияның бірі аукцион өткізбестен медициналық орталық салу үшін инвестициялық жоба түріндегі Қазақфильм ауданында жер учаскесін жалға алды. Кейін аяқталмаған нысан пайдалануға берілді.


Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс тудырды


Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды. Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады.



"Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ. Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады", – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары.



Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады.


Осы бұзушылықтар бойынша қазір қылмыстық істер тергеліп жатыр. Соның аясында лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Алматы #Жер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика