AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында «Алатау» театры негізінде инклюзи...

Алматы қаласында «Алатау» театры негізінде инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді

Әлеумет 06.02.2025, 10:05 1,121 Nursok82
Алматы қаласында «Алатау» театры негізінде инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдар театр өнерін тегін меңгере алады. «Алатау» дәстүрлі өнер театры мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 10 инклюзивті үйірме ұсынуда. Онда қатысушылар би, ән айту, ым тілінде ән орындау, клоунада, есту қабілеті бұзылған, ым-тілін меңгерген жандарға арналған дактилология сабақтарына қатыса алады. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сонымен қатар, ол жоғары нәтижелер көрсеткен қатысушылар шығармашылық ұжым құрамына еніп, алматылық театр сахнасында өнер көрсетуге, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысып, өз талантын әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік алатынын да атап өтті.

«Сабақтар аптасына 3 рет, 2 сағаттан өтеді, оларды театр әртістері мен зағип және есту қабілеті нашар жандар қауымдастығының жетекшілері жүргізеді. Біздің студия-үйірмелерімізде шамамен 200 адам білім алады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен 130 іс-шара өткіздік. Олардың қатарында ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған халықаралық фестивальдер мен байқаулар, қайырымдылық концерттері, дәрістер мен мәдениет қайраткерлерімен кездесулер бар. Біз инклюзивті орта қалыптастыруға ұмтыламыз, онда өнер адамдар арасындағы шынайы байланыс көпіріне айналады, ал біздің әртістер – рух мықтылығы мен шексіз мүмкіндіктердің айқын үлгісі. Бүгінде бізде Италия, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзияда өткен халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары бар. Бұл жобаларға біздің әртістер әкімдіктің қолдауымен қатысты», – деді Мақсат Нұралиев.

Атап өтетін жайт, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында көру және есту қабілеті бұзылған жандар жұмыс істейтін «Көру және есту қабілеті шектеулі жандарға арналған мәдени демалысты ұйымдастыру бөлімі» табысты қызмет етуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзивті үйірме #Алматы #сабақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);