AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматы қаласы музейлерінде Қала күніне қандай іс-ш...

Алматы қаласы музейлерінде Қала күніне қандай іс-шаралар өтеді

Не? Қайда? Қашан? 14.09.2023, 13:19 1,392
Алматы қаласы музейлерінде Қала күніне қандай іс-шаралар өтеді
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы күні аясында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК музейлерінде 15 қыркүйекте бірқатар іс-шаралар өтеді:


Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Қала күнін мерекелеу аясында қаламыздың жылпы білім беретін мектептері, лицейлері мен гимназияларының 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен туған Алматымның тарихын білемін» дәстүрлі қалалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау.


1 кезең (байқаудың электронды поштасына жіберілген Алматы қаласының тарихына байланысты очерктер/эсселерді қабылдау және іріктеу) – 2023 жылғы 2-13 қыркүйек аралығы өткізілді. 


2 кезең (тест және әңгімелесу) –14 қыркүйек 2023 жылы А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада өткізілді.


Жеңімпаздарды марапаттау: 15 қыркүйек 2023 жылы сағат 10.00-де Алматы музейінде өтеді.


Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. 


Жүлделер:


бірінші орын – Iphone 14 Pro;


екінші орын – Apple iPad Air 2022;


үшінші орын – Apple AirPods Pro 2nd generation




Өтетін орны мен уақыты: 15 қыркүйек, сағат 10.00-де, Қабанбай батыр к., 132. (https://go.2gis.com/etkm9 )


Қосымша ақпарат: 267-59-05, +77088206179


15 қыркүйек сағат 11.00-де қала күніне орай Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында бірлескен «Алматы - менің сүйікті қалам» атты ашық аспан астында көрме өткізіледі. Көрменің мақсаты: студенттердің көркем шығармашылығын қолдау, жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін көрсету, жастардың отандық тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру. 


Көрмеде О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, ҚазБСҚА колледж-мектебі, До-Винчи атындағы қалалық көркем сурет мектебінің 40-қа жуық жұмысы қойылады.


Өтетін орны мен уақыты: 15 қыркүйек, сағат 11.00-де, мкрн Нұркент 5/11 Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы ((https://2gis.kz/almaty/firm/70000001029767304?m=76.817406%2C43.261071%2F18)


Қосымша ақпарат: 267-59-05, +77088206179


15 қыркүйекте сағат 15.00-де Қала күнін мерекесі аясында және «Қазақфильм» киностудиясының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы музейінде «Таспаға түскен тарих» көрмесі ашылады. Қазақ киносы күніне арналған көрме «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақфильм» киностудиясының музейі мен Алматы музейі қорындағы 100-ден астам жәдігер қойылады.


Көрменің негізгі бөлімінде қазақ киносының негізін салушы Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады. Оның жұмыс кабинетінің фрагменттері мен жеке заттары ұсынылған.


Көрме залында тарихи жанрдағы («Томирис», «Қасымхан», «Жау жүрек мың бала», т.б.) көркем фильмдерге арналған реквизиттер мен костюмдер де қойылған. Көрме 2 апта бойы жалғасады.


Өтетін орны мен уақыты: 15 қыркүйек, сағат 15.00-де, Қабанбай батыр к., 132. (https://go.2gis.com/etkm9 )


Қосымша ақпарат: 267-59-05, +77081116291




15 қыркүйекте сағат 15.00-де Қала күнін мерекесі аясында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Open stage» музыкалық байқауы өтеді.


Жобаның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын ояту, өзінің музыкалық қабілетін музей сахнасында көрсетуге жағдай жасау.


Жобаға музыкалық аспапта ойнай алатын 7-25 жас аралығындағы кез келген өнерпаз қатыса алады. Өнерпаздар тек ұлттық аспаптарда ғана емес, сонымен қатар шетелдік аспаптарда да ойнап көру мүмкіндігіне ие болады.


Іс-шара соңынан үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға қаржылай марапаттар, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар беріледі.


Өтетін орны мен уақыты: 15 қыркүйек, сағат 15.00-де, Зенков к., 24А. (https://go.2gis.com/7tw7sb )


Қосымша ақпарат: 248-40-71

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #музей #Менеке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);