«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (ПМПК және ППТК) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алатау ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КМҚК басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Федченко көшесі, 2Б үй.
2. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қаласы Алатау ауданының №2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Өжет шағын ауданы, Әуезов көшесі, 48 үй.
3. Алматы қаласы Білім басқармасының «Наурызбай ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КМҚК басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Наурызбай ауданы, Ақжар ы.а.,Байсултанов көшесі, 15/7 үй.
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 202 808 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Қызмет түрі: Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық - медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету
1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алмалы ауданының № 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КМҚК басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Жарокова көшесі, 18 үй.
2. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алмалы ауданының № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» МКҚК басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Досмухамедова көшесі, 13 үй.
3. Алматы қаласы Білім басқармасының «Медеу ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КМҚК басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Жангельдин көшесі., 27 үй.
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 202 807 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Қызмет түрі: Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға кешенді педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді, оларды түзете-дамыта оқытуды ұйымдастырады
Біліктілікке қойылатын талаптар:
· "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
· және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
· осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
·
Лауазымдық міндеттері:
· арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
· білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
· педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
· педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
· білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
· білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
· ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
· білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
· әдістемелік жұмысты басқарады;
· құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
· бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
· педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
· ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
· өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
· барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
· компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
· білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
· педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
· педагогикалық кеңесті басқарады;
· жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
· Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
· педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
· арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
· педагогикалық этиканың нормаларын;
· экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
· еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok.2@mail.ru
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.
Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында офлайн режимде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77073583242. Элекрондық адрес: service.ok.2@mail.ru