ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE -85 жыл Білім мен инновацияға негізделген нәтижелі еңбек

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE -85 жыл  Білім мен инновацияға негізделген нәтижелі еңбек Алматы политехникалық колледжі

Алматы политехникалық колледжінің тарихы 1940 жылы құрылған Алматы кинотехникумынан басталады. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 11 қыркүйектегі №405 бұйрығына сәйкес ашылған бұл оқу орны елдің шығысындағы тұңғыш, ал КСРО көлеміндегі бесінші кинотехникум болды. Колледж әр кезеңде де халық шаруашылығы мен технология салалары үшін білікті мамандар даярлауды үзген емес.

Соғыстан кейін кинотехникум Орталық Азия экономикасы үшін маңызды кадрлар даярлайтын орталыққа айналды. Алғашында киноқондырғы операторлары мен монтаждаушыларды даярласа, уақыт өте оқу бағыттары кеңейді. 1965 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы ашылып, экономикалық бағыт дамыды.

1972 жылы техникум Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Есептеу техникасы» және «Автоматтандырылған басқару жүйелері» мамандықтарын енгізді. 1970–1980 жылдары оқу орны көпбейінді техникумға айналып, байланыс, радиоэлектроника, есептеу техникасы және экономика салалары қатар дамыды.

1989 жылы Алматы машина жасау техникумы құрылып, «Гидромаш» зауыты үшін мамандар даярлауға бағытталды. Кейін екі техникумның даму жолы тоғысты.

Колледж тарихында әр директордың еңбегі ерекше аталады:

А.А. Жук — соғыс жылдарында студенттерге қамқорлық көрсетіп, тегін кино көрсетілімдерін ұйымдастырды. И.Я. Чудновский — Ленинград кинотехникумының тәжірибелі ұстазы, кинотехникалық оқулықтар авторы.В.А. Сейпульник — директорлықтан кейін оқу ісі жөніндегі орынбасар, ұзақ жылдар математика пәнінің оқытушысы болды. Л.А. Дернова-Семенюк — 13 жыл басшылық етіп, сырттай оқу бөлімін ашты, жаңа мамандықтар енгізді, бағдарламаланған оқытуды алғаш енгізді. Л.Ф. Дмитриев — техникум түлегі ретінде ЕТ, бағдарламалау, есептеу жұмыстарын механикаландыру бағыттарын ашуға бастамашы болды. П.П. Возовиков — қоғамдық пәндер оқытушысы, техникум өміріне белсене араласқан ардагер. Ж.Т. Түркпенов — жастар тәрбиесіне назар аударған басшы, кейін ғылым кандидаты атанды. Х.Х. Санбаев — қиын кезеңдерге қарамастан білім сапасын сақтады.

С.И. Нүсіпбеков (1991–2012) — колледждің жаңа дәуірін қалыптастырған тұлға. Материалдық база жаңартылып, жатақханаларды жекешелендіру арқылы 40-тан астам қызметкер баспаналы болды.

Тәуелсіздік жылдары оқу орны үшін шешуші кезең болды. 1997 жылы кинотехникум мен машина жасау техникумы біріктіріліп, Алматы политехникалық колледжі болып қайта құрылды. Осы тұста колледж жанынан ОАТЭК және Кино-теледидар техникалық академиясы ашылып, «колледж–университет» жүйесі негізінде үздіксіз білім беру кешені қалыптасты. 90-жылдардың соңында мамандықтар еңбек нарығына сай қайта қарастырылып, басты бағыт ретінде IT, телекоммуникация, радиоэлектроника салалары болды.

Нәтижесінде Алматы политехникалық колледжі жаңа мыңжылдықты заманауи, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті оқу орны ретінде қарсы алды. Колледж тәуелсіз Қазақстан экономикасының өзгермелі талаптарына жедел бейімделетін, қоғамға қажетті мамандар даярлайтын беделді мекеме ретінде танылды. Жаңа кезең колледж үшін ресми мәртебе мен заңнамалық негізді нығайтудан басталды. 2001 жылы ҚР Білім министрлігі Алматы политехникалық колледжіне мамандар даярлауға арналған лицензия берді. Бұл лицензия машина жасау, бухгалтерлік есеп, есептеу техникасы сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтыды.2009 жылға қарай колледж ақпараттық технологиялар, электроника және автоматтандыру салалары бойынша жаңа мамандықтар ашып, оқу бағдарламаларын:

ақпаратты автоматтандырылған өңдеу жүйелері, ақпараттық жүйелер,басқа да техникалық бейіндегі құзыреттермен толықтырды. Бұл колледждің ғылыми-техникалық прогреске ілесуге деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Колледж тек техникалық салада ғана емес, әлеуметтік бағытта да жаңашыл бастамаларға жол ашты. 2007 жылы Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті нашар студенттерге арналған арнайы білім беру осы колледжде іске асырылды. Бұл – техникалық білімге қоғамның барлық мүшесін тартуға бағытталған маңызды қадам болды. Білім беруді жетілдіруге арналған «мүгедектерді оңалту» туралы бұйрық негізінде әрбір студенттің «жеке қабілетін барынша дамытуға» жағдай жасалды. Осылайша, колледж әлеуметтік лифт ретіндегі рөлін күшейтіп, мүмкіндігі шектеулі жастарға кәсіби білім алуға мүмкіндік беретін мекеме ретінде танылды.

2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен колледжге бейінді мамандықтар бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік (РОӘБ) мәртебесі берілді. Бұл: оқу-әдістемелік стандарттар әзірлеу, бағдарламаларды жаңарту,техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әдістемелік орталық болу жауапкершілігін жүктеді.Колледж бұл міндетті абыроймен атқарып, білім мазмұнын тұрақты жаңартып отырды.

2008–2009 оқу жылдарында IT саласына бағытталған жаңа бағдарламалар енгізілді. Колледж ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған өңдеу жүйелері және заманауи IT мамандықтары бойынша оқыту көлемін кеңейтті. 2010 жылы бірқатар тәжірибелі оқытушылар ұлттық марапаттарға ие болды.
«Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері колледждің бірқатар тәжірибелі педагогтарына табысталды. Аталған марапат иегерлері: Р. Сазанбаева, А. Манасова, Л. Исмайлова, К. Смакова және С. Сүлейменов.

Бұл марапаттар – ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE оқытушыларының жан қиярлық еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және білім беру ісіне қосқан зор үлесінің айқын дәлелі.

2012–2017 жылдары колледжді заң ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Жақыпбекұлы Жабықбаев басқарып, инфрақұрылымдық жаңғыруды жалғастырды.

Бұл кезең колледж тарихындағы жаңғыруға бағытталған қарқынды өзгерістермен ерекшеленді. Басшылық жұмысының нәтижесінде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылды, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді, материалдық-техникалық база айтарлықтай күшейтілді, халықаралық серіктестік ауқымы кеңейді. Осы өзгерістер колледждің дамуына тың серпін беріп, ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE нің халықаралық деңгейде танылған заманауи оқу орнына айналуына негіз қалады.

2017 жылдан бастап колледжді Медет Асетович Омарбеков басқарып келеді. Оның жетекшілігімен цифрлық жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту,тәжірибеге бағытталған оқыту, халықаралық байланыстарды күшейту
сияқты бағыттар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Медет Асетович колледжді жаңа серпінмен дамытып, оны заманауи талаптарға сай жаңартты.

 «Жас маман» мемлекеттік жобасы – жаңа инфрақұрылымдық серпін 2019 жылы колледж еліміздің 200 жетекші оқу орны қатарына еніп, «Жас маман» жобасына қатысу құқығын алды. Жоба аясында заманауи зертханалар, техникалық құралдар мен инновациялық оқу жабдықтары сатып алынып, білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді.

Дайындау бағыттары: IT және экономиканы цифрландыру – компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету техниктері, Медиа және цифрлық контент – аудио-видео операторлар мен монтаждаушылар, Инженерлік өндіріс – техник-механиктер.Бұл жоба колледждің материалдық-техникалық базасын күшейтіп қана қоймай, оқытушылар біліктілігін арттыруға, дуалды оқыту жүйесін кеңейтуге және жұмыс берушілермен серіктестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Соңғы он жылда колледждің материалдық-техникалық базасы түбегейлі жаңарып, «Smart Campus» деңгейіне жетті: 500-ден астам компьютер, жүздеген интерактивті панельдер, интеллектуалды камералар, Face ID жүйесі, заманауи желілік инфрақұрылым қалыптастырылды. IT Center хабы жұмыс істейді: Cisco академиясы, Apple курстары, Festo мехатроника зертханалары, веб-әзірлеу, CAD, 3D-модельдеу бағыттары енгізілді.

2010 жылдардың екінші жартысынан бастап дуалды оқыту түбегейлі күшейтілді.
2020 жылға қарай оқу уақытының 60–70%-ы өндірістік тәжірибеге айналды. Attendix және басқа цифрлық платформалар енгізілді. Түлектердің 82%-ы алғашқы жылы жұмысқа орналасады – бұл көрсеткіш ел бойынша жоғары деңгейде.

Колледждің 85 жылдығына орай Серік Имансерікұлы Нүсіпбеков атындағы мұражай ашылды. Мұражай – колледж тарихын жүйелі сақтайтын, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беретін орталық.

Инновациялық инфрақұрылым: IT Hub Arena және Fab-Lab 2024 жылы ашылды

IT Hub Arena, Fab Lab цифрлық шығармашылық зертханасы, «АКТ» бағыты бойынша 12-құзыреттілік орталығы студенттердің стартап жасауына, чемпионаттарға дайындалуына, инженерлік жобаларды жүзеге асыруына кең мүмкіндік берді.

 Халықаралық деңгейдегі кәсіби жарыстарда да колледж студенттері табысты өнер көрсетіп келеді. KIROSHI командасы:

Орталық Азия чемпионаты – I орын

АҚШ-тағы Michiana Premier – TOP-10, Нидерланд – қола медаль

2024 жылғы Гаагадағы FTC жарысы – сәтті өнер көрсету

2025 жылғы FIRST Almaty Tech Cup және Alem FIRST Championship жеңістері арқылы АҚШ турнирлеріне жолдама.

Колледж – «Жібек жолы шеберлері» халықаралық альянсының мүшесі.
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында 20-дан астам оқытушы
Қытай, Малайзия, Түркия, АҚШ, Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтті.

2025 жылы оқытушылар жетекшілігімен 60-қа жуық студент Қытайдағы жазғы білім беру лагеріне қатысып, тағы он студент Түркияда академиялық мобильділік бағдарламасынан өтті. «1000 өзгеріс көшбасшысы» ұлттық жобасы бойынша М.С. Мәлікова республикалық кадрлық резервке енді. 2025 жыл ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE педагогикалық құрамы үшін кәсіби табыстарға толы кезең болды.

200-ден астам серіктеспен жұмыс істей отырып, студенттерге тәжірибе, тағылымдама және жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады. IT, телекоммуникация және өнеркәсіп салаларындағы жетекші компаниялармен тығыз байланыс орнатқан. Ынтымақтастық студенттерге: өндірістік тәжірибеден өтуге, дуалды оқуға қатысуға, заманауи жабдықтарда жұмыс істеуге, нақты кәсіпорындарда жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. IT серіктестер: FD-SERVICE.KZ, Next Innovation, Логиком, Қазпошта, Cyber Service, Royal IT, R-STYLE.KZ, IT Supply, IT Support Group, CONTI-NEW CORPORATION, RUBA Technology.
Телекоммуникация: Қазақтелеком, Aspan Telecom, ЛинкМастер, АлмаТел Қазақстан, Меганет, KazNetCOM. Өнеркәсіп: АЗТМ, Фирма БЕНТ, АВЗ, Корпорация Сайман, Eurasian Foods Corporation. Бұл байланыстар түлектердің еңбек нарығына дайын болуын қамтамасыз етеді.

Колледж үшін ерекше мақтаныш — осы оқу ордасын бітіріп, кейін ұстаз ретінде қайта оралған 20 жуық түлектер, кәсіби жолын Polytech қабырғасында бастап, бүгінде студенттерге үлгі болып отыр. Бұл — ұрпақтар сабақтастығының және колледж дәстүрлерінің сақталуының айқын көрінісі.

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE-тің 85 жылдық жолы – Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім шежіресінің маңызды бөлігі. Кадр даярлауда 60 мыңнан астам маман дайындап, өнеркәсіп, машина жасау, телекоммуникация және IT салаларына білікті кадрлар ұсынды. IT Hub Arena, Fab-Lab, АКТ орталығы, Cisco академиясы, Festo зертханалары, Apple курстары жұмыс істейді.Ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге қолайлы жағдай жасалып, колледж әлеуметтік лифт ретіндегі рөлін күшейтті. 70 астам студенттер мен 50 жуық оқытушылар Қытай, Түркия, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінде тағылымдамадан өтті. «Жібек жолы шеберлері» альянсы мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастық кеңеюде.WorldSkills, JasSkills, Hackathon, FIRST® Global Challenge жарыстарында колледж қоржынында:
73 алтын, 14 күміс, 24 қола медаль және 11 шеберлік медальоны бар.

WorldSkills ұлттық чемпионаты қозғалысын ерекше атап өтпеу мүмкін емес.
Он жыл ішінде бұл қозғалыс колледж үшін кәсіби шеберліктің, инновациялық ойлаудың және еңбекке негізделген білімнің стратегиялық платформасына айналды. WorldSkills – тек жарыс алаңы емес, ол оқытушылар мен студенттердің әлеуетін ашатын, заманауи стандарттарды білім беру үдерісіне енгізетін қуатты даму тетігі.

Осы уақыт аралығында колледж WorldSkills қозғалысына жүйелі түрде қатысып, түрлі құзыреттер бойынша аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Педагогтер мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде:

 

Worldskills Kazakhstan 2016 - Тузелбек Дәулет Мехатроника 2 орын

Worldskills Kazakhstan 2017 - Винокуров Дмитрий Электроника 1 орын

Worldskills Russia 2017 - Винокуров Дмитрий Электроника 3 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2018:

Чупрынин Илья Бизнес үшін IT-шешімдер 2 орын

Копжасар Айдос 1 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2019:

Скубиев Виталий  Ақпараттық кабельдік желілер І орын

Чупрынин Илья Бизнес үшін IT-шешімдер ІІ орын

 

«Молодые профессионалы» WORLDSKILS RUSSIA 2020:

 Жұмаш Алимжан Графикалық дизайн 1 орын;

Бубенцов Иван Васильевич, Вишняков Илья Желілік жүйені басқару 1 орын

Потешкина Татьяна  Веб дизайн және әзірлеу 2 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2021:

 Иманджан Альбина Фотография 1 орын

Бишоф Артем Александрович Бейнеөндіріс 1 орын

Сбитнев Илья Олегович Компьютерлік ойындарға арналған 3Д модельдеу 1 орын

Кринвальд Юрий Владимирович Электроника 3 орын

Избицкий Виталий, Массалиев Т - Мехатроника 3 орын

Еркінбек Батыр Графикалық дизайн I орын

Worldskills Kazakhstan 2022:

Алмабекұлы Айбек Желілік және жүйелік басқару 3 орын

Алиев Кемаль, Халметов Эльнур Мобилді робототехника 3 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2023:

Хасенов Алдияр Прототиптеу 1 орын

Алмасбек Ілиас Желілік және жүйелік басқару 3 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2024:

Бижанов Абай Ерланулы Желілік және жүйелік басқару 3 орын

Бекжұма Бекнұр Абубакирұлы Прототиптеу 3 орын

Байжұма Ырыскелді Асқарұлы CAD инженерлік графикасы 3 орын

 

Worldskills Kazakhstan 2025

Қасым Жаслан Бейне Өндірісі 1-орын

Рябинушкин Данил Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу 1-орын
Алмасұлы Ернар
Мобильді қосымшаларды әзірлеу 2-орын

Калимов Джалиль Веб технология 2-орын

WorldSkills Abu Dhabi–2017, WorldSkills Russia–2020 және WorldSkills South Korea–2022 халықаралық чемпионаттарының беделді ареналарында бақ сынаған колледжіміздің студенттері өздерінің кәсіби әлеуетін әлемдік деңгейде дәлелдеп, халықаралық қатысушы мәртебесіне ие болды.

Колледждің басты құндылығы — білікті де беделді педагогикалық ұжым. Бүгінде колледж оқытушылары өз саласының нағыз шеберлері ретінде республикалық, қалалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнының абыройын асқақтатып келеді. Педагогтарымыздың еңбегі ерекше бағаланып мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын:

 «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне 2015 жылы Бейсетбаев А.К., 2024 жылы Мәлікова М.С., Дуйсенбаева А.А.;

ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен 2020 жылы Мәлікова М.С. және 2021 жылы Дуйсенбаева А.А. марапатталды.

Колледжіміздің оқытушылары Республиканың «Үздік педагог» статусына 3 мәрте ие болды, 2012 жылы Алджамбекова Ж.О., 2015 жылы Мәлікова М.С. және 2018 жылы Дуйсенбаева А.А.

Педагогтарымыз жыл сайын ұйымдастырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында IT саласы бойынша» кәсіби шеберлік конкурсының қалалық кезеңінде 10 педагог, республикалық кезеңінде 9 педагог жүлдегер мен жеңімпаз атағына ие болды.

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE — дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, 85 жылдық тарихында елдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан жетекші білім ошағы. Колледж бүгінгі күні цифрлық білім берудің флагманы, тәжірибеге бағытталған оқытудың орталығы, халықаралық серіктестікке ашық, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мекеме ретінде танылып отыр.

Бүгінгі жетістіктер — бірнеше буын педагогтардың ерен еңбегінің, табандылығы мен жаңашылдыққа ұмтылысының нәтижесі. Алдағы мақсат — осы дәстүрді сақтай отырып, заманауи білім беру талаптарына сай болашақ мамандарды даярлау ісін одан әрі жетілдіру.

Almaty Polytechnic College – уақыт сынынан өткен, болашаққа бағытталған білім ордасы.

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:26

12:22

12:15

12:10

12:08

11:58

11:48

11:39

11:32

11:25

11:10

11:05

10:49

10:34

10:29

10:23

10:14

09:55

09:43

09:39

09:30

09:10

09:06

08:52

08:30