AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы мектептердегі қауіпсіздікті тексе...

Алматы полициясы мектептердегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр

Заң мен тəртіп 20.04.2026, 16:06 228 yakiya
Алматы полициясы мектептердегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр

Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқушылардың қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы тексерістер жүргізіп жатыр.

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері қала мектептерін аралап, өткізу режимінің ұйымдастырылуын, күзет қызметінің сапасын, сондай-ақ дабыл түймелері мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысын тексеруде.

Сонымен қатар оқу орындарының аумағына бөгде адамдардың кіруіне ерекше назар аударылып, қауіпсіздікке арналған техникалық құралдардың жай-күйі бақылауға алынады. Сонымен бірге педагогикалық ұжыммен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Полицейлер төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Полиция мәліметінше, Алматы қаласында 300-ден астам білім беру ұйымы жұмыс істейді және олардың барлығы тұрақты бақылауда. Жыл сайын мектептерде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мыңнан астам тексеріс пен нұсқама өткізіледі.

"Балалардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Біз тек формалды көрсеткіштерді емес, мектептердің кез келген төтенше жағдайға нақты дайындығын тексереміз. Әрбір қызметкер өз әрекетінің тәртібін нақты біліп, жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс. Тек осындай тәсіл арқылы балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге болады", – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);