Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Заң мен тəртіп 19.09.2024, 17:34 1,459
Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады
Сурет: Polisia.kz

Қазіргі уақытта қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде.

 Барлық тартылған қызметтер мен бөлімдердің іс-әрекеттерін үйлестіру және келіп түсетін ақпаратты қорытындылау үшін мобильді және жұмыс топтары құрылды. Іс-шара әкімдіктермен және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп жүргізіліп, сыртқы полиция қызметінің мүмкіндіктері пайдаланылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

– Тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді әдейі ластайды. Қоқыс белгіленбеген жерлерге тасталады. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымына қамқорлық жасау құндылықтарын дамыту, тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Мұндай деректерді анықтап, жолын кесу – жергілікті полиция қызметінің бірінші кезектегі және күнделікті міндеті, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 Басқа да мүдделі қызметтермен бірлескен жұмыс тиімдірек екенін атап өткен жөн, өйткені құқық бұзушылармен түсіндірмелік әңгімелесулер қоршаған ортаға теріс әсер ететін, сайып келгенде, қаламыздың атмосферасына кері әсер ететін биологиялық реакцияларды түсіндіруге дейін жүргізіледі.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Барлығыңызды өзіміз тұратын жерді қорғаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлауға шақырамын. Ол үшін тек қоқыс, пластик және басқа да қалдықтарды тастамау, табиғи ресурстарға абай болу керек. Біздің Алматы таза әрі қауіпсіз болуы керек!, – деді, полковник Шумаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика