конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы пиротехника айналымындағы қауіпсі...

Алматы полициясы пиротехника айналымындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті

Заң мен тəртіп 27.11.2025, 16:45 473
Алматы полициясы пиротехника айналымындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласында полиция азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін контрафакт пиротехникалық өнімдерді анықтау және тәркілеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаланың базарлары мен сауда нүктелерінде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ережені бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылып, заңсыз өнімдер тәркіленуде. Балалар арасындағы профилактикалық жұмыс ерекше назарда. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, пиротехниканы қауіпсіз қолдану жөнінде дәрістер мен түсіндірме кездесулер өткізілуде.

"Профилактика жылы аясында және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз, арнайы дүкеннен тыс жерлерден пиротехника сатып алудың қауіптілігін ескертеміз. Полиция, мемлекеттік органдар және азаматтардың бірігіп әрекет еткенде ғана мерекені жазатайым оқиғасыз өткізіп, балаларымыздың денсаулығын қорғай аламыз", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Полиция азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы лицензияланған дүкендерден сатып алуға және оларды қолдану тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пиротехника #контрафакт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04

Алматылық "Қайрат" ФК Болгарияға аттанды

Кеше 14:19

Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз із-түзсіз жоғалып кетті.

Кеше 11:13

Алматының тұрғындарына ескерту жасалды

Кеше 09:39

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

01.08.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);