AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы жүргізушілерді жол ережесін қатаң...

Алматы полициясы жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Заң мен тəртіп 21.08.2024, 15:01 1,179
Алматы полициясы жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады
Сурет: Polisia.kz

Өткен демалыс күндері ғана қала жолдарында 1200 құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматыда патрульдік полиция полкінің және мамандандырылған батальонының қызметкерлері ауқымды және жергілікті іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тәртіп бұзушыларды анықтау – біздің бақылауымызда. Жыл басынан бері қарама-қарсы жолаққа шығып кеткені үшін – 690, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарғаны үшін – 254, мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті басқарғаны үшін – 991, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 1540, көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін – 3971, апаттық жағдай туғызғаны үшін 6848 жүргізуші жауапқа тартылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Осыған байланысты, қала полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, “жазаның бұлтартпастығы” қағидасын еске салды 

"Күн жылысымен көлікті қатты жүргізуге құмар жүргізушілер көбейеді. Сәйкесінше жол ережесі бұзылады. Жастар қауіп тудырып, қала көшелерімен жарыс ұйымдастырады. Сонымен қатар олар көліктерін түрлендіріп, тыйым салынған жабдықты, оның ішінде қатты дыбыс шығаратын резонаторларды орнатады. Бұл қала тұрғындарының әділ сынына себеп болуда. Осындай деректердің жолын кесу мақсатында алдыңғы шептегі полиция бөлімшелері апта сайын рейдтер жүргізеді. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Бұл шаралар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған", – деді Шумаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол ережесін сақтау #полиция #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызбай ауданында Наурыз тойы басталды

Бүгін 13:29

Өнер мен кеңістік үндестігі: ашық аспан астындағы көрме көпшілікті тәнті етті

Бүгін 13:24

Алматы Аренадағы Наурыз: алып батырлар, хан тағы және ұлттық рух Алматы жүрегінде

Бүгін 13:17

Наурызбай ауданында Наурыздың мерекелік қалашығы бой көтерді

Бүгін 13:10

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 13:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика