Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы полициясы Жаңа жыл қалай өткенін айтты

Алматы полициясы Жаңа жыл қалай өткенін айтты

Алматы 05.01.2026, 11:30 275
Алматы полициясы Жаңа жыл қалай өткенін айтты
ӨКҚ

Алматыда жаңажылдық мерекелік күндер тыныш өтіп, оқыс оқиға болған жоқ. Полицияның күшейтілген жұмыс режимі мен жедел әрекет ету қызметтерімен бірлесіп қимылдауының арқасында тұрғындар мен қала қонақтарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 15 желтоқсаннан бастап жеке құрам күшейтілген. Адам көп жиналатын орындарға – алаңдарға, саябақтарға, жаңажылдық және мәдени-бұқаралық іс-шара өтетін жерлерге тәртіп сақшылары көп назар аударыпты.  

Қаланың негізгі алаңдарында орнатылған барлық қалалық жаңажылдық шыршалар мен оларға іргелес аумақтар полицияның тұрақты бақылауында болды. Мереке күндері жаяу және автосақшылар жағы күшейтіліп, сақшылардың қосымша күштері, учаскелік инспекторлар мен мамандандырылған бөлімшелердің экипаждары тынбай жұмыс істеді.

1–4 қаңтар аралығында Алматыда 45 қылмыс тіркелді. Олардың 32-сі патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың күшімен «ізі суымай» жатып ашылды. Сонымен қатар, қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін аса ауыр қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық және отбасылық-тұрмыстық жанжал сияқты негізінен мереке күндері жиілеп кететін құқық бұзушылық көп тіркелген екен. Барлық хабарламаға полиция дер кезінде назар аударған.

«Осы күндері қылмыстың алдын алуға көп көңіл бөлінді. Полицияның көшені, тұрғылықты жерлер мен қоғамдық кеңістіктерді барлап жүргені қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға ықпал етті», – дейді Айтан Жанаманұлы.

Алматы қалалық Полиция департаментінде қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бұдан әрі де «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғаса беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңа жыл #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде 72 жылдық рекорд: қар қалыңдығы 80 см-ге жетті

Бүгін 14:20

Қазақстандықтардың 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Бүгін 13:34

Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды

Бүгін 13:29

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

Бүгін 12:45

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды

Бүгін 12:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі