AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы 45 жастағы әйел адам басқарған пә...

Алматы полициясы 45 жастағы әйел адам басқарған пәтер ұрыларын қолға түсірді

Заң мен тəртіп 19.03.2022, 08:40 1,197
Алматы полициясы 45 жастағы әйел адам басқарған пәтер ұрыларын қолға түсірді
Сурет: Sobaka.ru

Пәтер ұрылары ұсталды


Бұл топтың жетекшісі 45 жастағы әйел адам. Оның “көмекшілері” бұрын сотталған екі ер адам. Олар пәтер тонаумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қазіргі уақытта қылмыстық үштікте қала аумағында жасалған бес ұрлық эпизоды бар. Күдіктілерді әшкерелеуге арналған арнайы іс-шара өткен күні жүргізілді. Кезекті ұрлық жасағаннан кейін олар бірден ұсталды. Ұрылар мінген Nexia көлігі жеке секторда бұғатталды. Ұсталғандардан заттай айғақтар: гитара, нарда, бірнеше телефон және бағалы заттар табылды. Сонымен қатар, жасанды шаш, әмиян және кілттер анықталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Спикердің айтуынша, “криминалдық үштіктің” соңғы қылмысы "Өжет" шағынауданында жасалған. Олар бөтен үйге терезеден кірген.



«Олар стандартты түрде әрекет етті, тұрғын үйге кірер алдында үй иелерінің бар-жоғын тексерді, содан кейін ғана құлыпты ашты. Олар барлық құнды заттарды: ақшаны, шағын құрал-жабдықтарды, түрлі зергерлік бұйымдарды алып шықты. Екеуі біреудің үйінде ұрлық жасап жатқанда, үшіншісі көлікте күткен, былайша айтқанда қауіпсіздікті бақылап тұрған. Айтпақшы, күдіктілер 45 жастағы Х. есімді азаматша және 44 жастағы К. есімді азамат, бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған, ал үшінші қатысушы 35 жастағы  азамат, бірінші рет “қылмыстық жолға” түскен. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығына қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Б. Әбілбеков. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрылар #пәтер тонаушылар #криминалдық үштік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика