AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полиция департаментінің басшысы жаппай тәрт...

Алматы полиция департаментінің басшысы жаппай тәртіпсіздіктердің толық хронологиясын ұсынды

Оқиға 16.01.2022, 17:05 1,702 Almaty-akshamy
Алматы полиция департаментінің басшысы жаппай тәртіпсіздіктердің толық хронологиясын ұсынды
Cурет: Baq.kz

5 қаңтар күні таңертең 20 мың адам қала орталығына қарай бет алды


16 қаңтарда өткен брифингте Қанат Таймерденов мегаполисте болған жағдайды айтып, азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


3 қаңтарда қалада елдің батысындағы митингілерді қолдау мақсатында заңсыз шерулер өтті. Қаланың әр жерінде 200-ден 2 мыңға дейін азамат жиналды. Олармен түсіндірме алдын алу жұмыстары жүргізілді. Шерушілер тарапынан өрескел заң бұзушылықтар болған жоқ.


4 қаңтар күні «Алматы Арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық адам жиналды. Сондай-ақ Шығыс айналма жолының маңында заңсыз акция ұйымдастырылды. Қаланың басқа бөліктерінде 5 мыңға дейін адам шықты. Қатысушылар саны арта бастады.


Рысқұлов, Саин, Шығыс айналма жолы мен Төле би көшелерінің бойында жолдарды жауып, көлік қозғалысын жабу әрекеті жасалды.


Шерушілерге лаңкестер, экстремистер мен қылмыскерлер қосылып, билікке қарсы күш көрсетіп, әкімдікті басып алуға шақырды.


Гарнизонның барлық жеке құрамы жасақталды, қалаға қосымша полиция бөлімшелері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері орналастырылды, стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күзету күшейтілді. Түскі уақытта кемінде 10 мың адам басып алынған муниципалдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып, қала әкімшілігін басып алуға тырысты. Екі әрекеті сәтсіз болған соң, наразылар алаңнан шығып кетті. Кетіп бара жатып олар қызметтік және өрт сөндіру машиналарын өртеп, "жедел жәрдем" көліктерін зақымдаған.


5 қаңтар күні таңертең 20 мың адам қала орталығына қарай бет алды. Сандық артықшылық пен қаруды пайдаланып, бірнеше қорғаныс шебін бұзып өтіп, Республика алаңына жетіп, әкімдік ғимаратын басып алды.


Қаланың әртүрлі аудандарында содырлар топтары оқ жаудырып, қаланы қиратып, қару-жарақ дүкендерін басып алып, бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқандарды өлтіріп, сауда орталығында бүліктер жасай бастады. Сол күні кешке Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың кортежіне оқ атылды. Қазақстан Республикасының Президенті Алматыда төтенше жағдай енгізді.


Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні содырлар полиция бөлімін, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін басып алмақ болған.


Қару-жарақ пен әскери техниканы тартып алу мақсатында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шабуыл жасау әрекеті жасалды. Алматының Халықаралық әуежайы басып алынды.


Қаңтардың 6-сы мен күні бүгінге дейін күш құрылымдары лаңкестікке қарсы операция жүргізуде.



«Азаматтарды мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылықпен қарауды сұраймын, сабырлық сақтауға, әсіресе антитеррорлық операциялар жүргізіліп жатқан жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Арандатушылыққа бой алдырмай, барлық күдікті фактілер мен адамдарды полицияға хабарлаңыз, сол арқылы қаламыздағы тәртіпті қалпына келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек көрсетесіз», - деді Қанат Таймерденов алматылықтарға.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бүлік #Хроника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 19:55

Түркістандағы құрлық біріншілігінде Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 19:51

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен аяқтады

Бүгін 19:47

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирін табысты аяқтады

Бүгін 19:44

Алан Құрманғалиев халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Бүгін 19:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);