Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полицейлері біреудің көлігін айдап кеткен а...

Алматы полицейлері біреудің көлігін айдап кеткен азаматты ШҚО-дан ұстады

Оқиға 08.06.2021, 15:33 2,212
Алматы полицейлері біреудің көлігін айдап кеткен азаматты ШҚО-дан ұстады
Сурет: Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Күдікті азамат Алматыға жеткізілді.


Полиция мамандары заңсыз біреудің көлігін Шығыс Қазақстан облысына айдап әкеткен азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция мәліметі бойынша, Алмалы ауданының тұрғыны полицияға көліктің жоғалып кеткендігі туралы арызбен жүгінген. Арызданушының айтуынша, оның «Тойота Сюрф» маркалы көлігі Брусиловский көшесінде орналасқан үйдің тұрағынан жоғалып кеткен.


Полицейлердің айтуынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында көлік табылды. Мамандар оны 1989 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны А.есімді азаматтан тәркілеп алды.



«Ол Өскеменге бөтеннің көлігімен кетіп қалған, сол жерде ұрланған көлікті сатуды жоспарлаған.  Жедел уәкілдер тағы екі сыбайласын Алматыда ұстады.  Бұл 37 жастағы Ф. және Н.есімді азаматтар. Тергеу барысында өте қызықты факт пайда болды - күдіктілердің бірі осы тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істеген және өзіне ұнаған көліктің тұрақта бірнеше жыл бойы қозғалыссыз тұрғанын білген.  Ол достарын ұрлау арқылы қосымша ақша табуға шақырған.  Айғақты заттар Алматыға әкелінді, күдікті де осында жеткізілді.   Айдап әкету фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#маски #Штраф за маски #Медицинские маски #полиция #Алматы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика