Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полицейлері алтын бұйымдарын ұрлаған күдікт...

Алматы полицейлері алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Оқиға 17.09.2021, 10:57 800
Алматы полицейлері алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
Сурет: Facebook.com

У. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматы полицейлері пәтер ұрысын ұстады. Ол алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, бұрын сотты болған 1973 жылы туған У. есімді азаматты өткен күні Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жедел қызметкерлер ұстаған. 



«Ұстауға бірнеше минут қалғанда сотталушы алматылық қыздың пәтерін тонап кеткен. Сол жерден алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірген ол кіре берістен шыға бергенде құрықталды. Күдіктіден табылған "олжа" процессуалдық тәртіппен тәркіленді. Сонымен қатар, жедел тергеу тобы күдіктіні тексеру кезінде табылған пневматикалық тапаншаны да қылмыстық іс материалдарына тіркеді. У. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде полицейлерде ұсталған адамның осындай үш ұрлыққа қатысы бар екендігіне сенімді деректер бар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жеңіл ақшаға әуесқойдың «қызметтік тізімі» толықтырылуы мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #күдікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика