AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Әлеумет 16.04.2026, 12:27 239 yakiya
Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазәуеорманқорғау» РМК алматылық авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшалов биылғы өрт қаупі артатын маусымға дайындық пен орманды өрттен қорғау жұмысын қалай қолға алып жатқандарын баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір олар өрт қаупінің алдын алу үшін жан-жақты дайындық жасауға кіріскен: мамандарды оқытып, тексеріс жасап, орманды барлап шығуға арналған авиацияны осыған әзірлеп жатыр.

Қыс мезгілінде авиациялық-өрт сөндіру қызметінің мамандары орман өртін сөндіру бойынша оқудан өтіп, емтихан тапсырып, тәжірибе жүзінде іс-қимылдарын пысықтады. Сондай-ақ орман иелерімен бірлескен кездесу өткізіп, өрт шыққан жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет етудің жолын бір-бірімен келісіп алған. Бекзат Байшаловтың айтынша, команда алдағы істейтін жұмыстарын әбден елек-екшеп алып, кез келген жағдайға даяр отыр екен.

«Біз барлық қызметкерді алдын ала оқытып, жаттықтырамыз, сонда олар қандай жағдайда болсын жылдам әрі сенімді қимылдайды. Әркім өз міндетін түсініп, күрделі жағдайда техникамен жұмыс істей алуы керек», - дейді ол.

Ол сондай-ақ өрт сөндіруге авиация да алдын ала даярлап алатынын айтты.

«Ұшақ пен тікұшақ қажет болғаннан кейін әуе компанияларымен келісімшарт та жасадық. Бұл адам бара алмайтын аймақтардағы өрт шыққан жерге жылдам жетуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді спикер.

Ұшақтар 424 сағат 54 минутқа, 2–3 класты тікұшақтар 337 сағат 55 минутқа, 1 класты тікұшақтар 96 сағат 31 минутқа жоспарланған. Маусым басталғанда өрт қаупі артатындықтан сақшылар орманды әуеден үзбей бақылай бастайды.

Қазір ең күрделі жағдай Іле өзені ауданында болып отыр. Мұнда жергілікті тұрғындар шаруашылыққа керек болып қалғаннан кейін бір жерді өртейді, содан өрт шығады кейде. Осындай 9 өрт тіркеліпті. Мекеменің мәліметінше, қазіргі кезде бақылау мен өрттің алдын алу жұмысы күшейтілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орман өрті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);