AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың ү...

Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды

Спорт Бүгін 10:39 78
Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды
Фото: ktf.kz

Жеңімпаз кәсіби теннисшілер арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Almaty Open турнирі ATP Awards 2026 сыйлығының қорытындысы бойынша алғаш рет беделді ATP 250 Tournament of the Year марапатына ие болды. Қазақстандық турнир осы санаттағы 29 жарыстың ішінен үздік деп танылды.

Almaty Open ATP 250 Швецияда өткізілетін тарихы терең екі турнирді – Nordea Open (Бостад) және Bybit Stockholm Open жарыстарын басып озды.

Жеңімпаз кәсіби теннисшілер арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталды. Ойыншылар жарыстардың ұйымдастырылу сапасын және спортшылар үшін жасалған жағдайларды бағалады.

Almaty Open турнирінің ATP 250 санатындағы үздік жарыс деп танылуы Қазақстанның халықаралық теннис аренасындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетіп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы ретіндегі орнын нығайта түседі.

Қазақстандағы турнирдің тарихы 2020 жылы басталды. Сол жылы ATP 250 санатындағы жарыс алғаш рет Астанада Astana Open атауымен өтті. 2022 жылы турнир уақытша ATP 500 мәртебесін алып, әлемнің жетекші теннисшілерінің басын қосты. 2024 жылдан бастап жарыс Алматыда Almaty Open атауымен өткізіліп келеді. 2026 жылы оңтүстік астана турнирді үшінші рет қабылдады, ал жарыстың негізгі алаңы дәстүрлі түрде Almaty Arena спорт кешені болды.

Ұйымдастырушылар инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және спортшылар мен олардың командалары үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.

Турнир қатысушылары жаттығу корттарын, демалыс және қалпына келу аймақтарын, Іле Алатауының көркем көрінісі ашылатын wellness-кешеніндегі орналастыру жағдайларын, сондай-ақ үш Michelin жұлдызының иегері, шеф-аспаз Фабьен Ферре әзірлеген гастрономиялық бағдарламаны жоғары бағалады.

Almaty Open турнирінің бас директоры және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский бұл марапатқа ие болу турнирдің бүкіл командасы үшін үлкен мәртебе екенін және ұйымдастырушылардың, серіктестер мен демеушілердің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

«Ойыншылардың тәуелсіз бағалауының нәтижесінде Almaty Open турнирінің ATP нұсқасы бойынша жылдың үздік турнирі атануы біз үшін үлкен мәртебе. Бізге сенім білдірген барлық теннисшілерге, әсіресе Алматыға жыл сайын қайта оралатын ойыншыларға шын жүректен алғыс айтамыз. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – турнирді ұйымдастырудың барлық аспектілерін ATP 500 стандарттарына сай деңгейге жеткізу. Турнирді жан-жақты жетілдіруге бағытталған бастамаларымыз бен күш-жігерімізді үнемі қолдап келе жатқан Қазақстан теннис федерациясының Президентіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігіне жарысты өткізуге көрсеткен қолдауы және осындай деңгейдегі халықаралық спорттық іс-шараны ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасауға атсалысқаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз турнирді жүйелі түрде дамытып, оның ұйымдастырылу сапасын арттырып, Алматының халықаралық теннис картасындағы орнын нығайтып келеміз. Бұл марапат бүкіл командамызды турнирді одан әрі дамыту жолында бұрынғыдан да зор ынтамен жұмыс істеуге жігерлендіреді», – деді Юрий Польский.

Almaty Open турнирінен бөлек, ATP Awards 2026 аясында Tournament of the Year номинациясы бойынша Шанхайдағы Rolex Shanghai Masters (ATP Masters 1000) және Дохадағы Qatar ExxonMobil Open (ATP 500) турнирлері де марапатталды.

Сонымен қатар ойыншылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жеті турнир ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы және ATP стандарттарына сәйкестігі үшін Standards of Excellence марапатына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының гастрономиялық әлеуеті: қалаға Оңтүстік Кореяның танымал аспазшысы Sin Keun Choi келеді

Бүгін 12:22

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді

Бүгін 12:15

Олжас Бектенов халықаралық бизнес өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:15

Марат Ирменов Қазақстан ҰҚК-нің төрағасы болып тағайындалды

Бүгін 11:46

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);