AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы жер дауы

Алматы облысындағы жер дауы

Әлеумет 15.03.2023, 09:10 1,217
Алматы облысындағы жер дауы
Сурет: Ашық дереккөз

Ал жергілікті әкімдік жекенің ісіне араласа алмай отыр


Алматы облысының тұрғындары "жеріміз жекеге өтіп кетті" деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.



"Осы совхозда әке-шешеміз істеген. Кербұлақтан былтырдан бері қуа бастады. "Малыңды алып, біздің жерден кетіңдер" деді. Біріншіден, үйдің құжаты жоқ", - дейді облыс тұрғыны Айдын Хамитов.



"Колхоз құрылғанда, біреу атын, біреу арбасын алып келді. Сол жерді игеріп, дән алып, үлесін қосып отырды. Ал тараған кезде үлесін алуы керек қой. Бірақ бір адам да жерін алған жоқ", - дейді облыстың тағы бір тұрғыны Айдар Рахымжанұлы.


Ал жер телімінің қазіргі заңды иесі - "Байсерке Агро" ЖШС директоры көпшілік орынсыз даурығып отырғанын айтты. 



"1990 жылы Қажыгелдиннің қаулысымен, мемлекеттің қаулысымен совхоздағы жер берілмейді деген. Қазір халыққа жұмыс беріп отырмыз", - деді "Байсерке агро" ЖШС директоры Қазыбек Ақсақалов.



Ал жергілікті әкімдік жекенің ісіне араласа алмайтынын айтты. 



"Бұл кісілер сотқа барды. Соттың шешімі бар. Егер "Байсерке агро" ЖШС қандай да бір заңсыз әрекет етсе, сот арқылы жерді қайтарып алатын еді.  Енді біз егер өтініш жазса, бұл кісілерге сотқа дейін бағыт-бағдар беріп, көмек жасай аламыз", - дейді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева.



Панфилов ауылындағы 2 200 гектар жер қазір егіс алқабына айналып, жүгері егіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер дауы #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика