Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші алаяқтықпе...

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші алаяқтықпен айналысқан

Әлеумет 01.04.2023, 13:35 983
Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші алаяқтықпен айналысқан
сурет:kp.ru

Түрмеде отырған азамат интернет арқылы 3 жыл бойы алаяқтықпен айналысқан.  


Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеушінің интернет арқылы алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.


Ол 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық жасаған.


Мамандандырылған прокуратура бұл деректі 2 наурызда ҚР ҚК 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеп, Қонаев қаласы ПБ тергеу бөлімшесіне берді.


Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол осы арқылы ватсаппен қоңырау шалып, хат жазып отырған.


Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін облыста және өзге өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізіліп жатыр.


Түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері ҚР ҚК 370-бабының 2-бөлігі («Қызмет бойынша әрекетсіздік») бойынша тіркеліп, Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түрме #жазасын өтеуші #алаяқтық #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика