Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып...

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған әйел табылды

Оқиға 16.04.2023, 14:42 1,215
Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған әйел табылды
сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Адасып кеткен әйел көлікке қарай кері қайтатын жолды таба алмай қалған.


Алматы облысындағы Тасмұрын асуы тұсында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып қалған. Құтқарушылар оны таңға жуық тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.


15 сәуір сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Балқаш ауданы Тасмұрын асуы маңындағы Малайсары ауылының маңында, таулы жерде 1962 жылғы әйел жоғалып кеткені туралы хабарлама түседі. Ол күндіз туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге келген (1 ер адам, 2 әйел, 2 ит). Адасып кеткен әйел көлікке қарай кері қайтатын жолды таба алмай қалған.


16 сәуір сағат 6.50-де іздестіру тобы жоғалған адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы, Республикалық-жедел-құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.


ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:


- дене даярлығын есептеңіз


- құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа райы, көшкін қаупі


- өзіңізге қажетті заттарды ала жүріңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.


Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8 (727) 372-15-60 (ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #әйел жоғалды #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Бүгін 16:17

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Бүгін 15:25

Қытайдың ірі құрылыс компаниясы Алматыдағы жобаларға қатысу аясын кеңейтпек

Бүгін 15:16

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика