AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы облысында «Мобильді автоматтандырылған биог...

Алматы облысында «Мобильді автоматтандырылған биогаз кешені» іске қосылды

Білім және ғылым 19.04.2022, 03:27 1,877
Алматы облысында «Мобильді автоматтандырылған биогаз кешені»  іске қосылды
Суреттер: 24.kz

Отандық ғалымдар биогаз кешенін іске қосты


Ғалымдар ойлап тапқан құрылғы арқылы тәулігіне 16 тонна биотыңайтқыш және 30 текше метр биометан шығарылады. Сондай-ақ газдың көмегімен электр энергиясын үнемдеуге болады. Жобаның тағы бір ерекшелігі – оның қолжетімділігі. Себебі кешенге қажетті материалдардың 80 проценті өз елімізде жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы облысы Елтай елді мекенінде ашылаған «Мобильді автоматтандырылған биогаз кешені» ауыл шаруашылығының дамуына ғана емес экологияның тазаруына да өз үлесін қосады. Өйткені малдың биоқалдықтарынан бөлінетін метан ауаның ластануына әкеп соғады. Сондай-ақ соңғы уақыттары қолданып жүрген химиялық тыңайтқыштар жердің құнарлығын құртады дейді мамандар.




«Малдың тірідей биомассасын жерге себетін болсаң, ол шірімейінше, оның ішінде арамшөптер қаптайды. Яғни малдың жеген шөбінің дәндері өлмейді. Мына жерде дәндер толыққанды өліп, арамшөп шықпайды. Жылыжайларға толыққанды қолдануға болады», - дейді жобаның бас инженері Салауат Дауылбаев. 



Газ алу үшін ірі қараның қалдықтары сумен араластырылып, арнайы метандық бактерия қосылған реакторға құйылады. 18 күннен кейін толыққанды биогаз пайда болады. Ал қалған биомасса тазартылып, тыңайтқыш жасалады. Осылайша фермерлер қосымша пайда таба алады.    



«Ғылым қоры қаржыландырып отырған жоба. Оңтүстік облыстарда бір аймақта екі реттен, үш реттен өнім алады. Міне, осы жағдайлардың бәріне тыңайтқыш қажет болып отыр. Оның үстіне қазіргі заманда тыңайтқыштардың бағасы көтерілуде. Немесе химиялық тыңайтқыштар», - дейді жоба жетекшісі Еділхан Әмірғалиев. 



Біздің ұсынып отырғанэымыз таза биологиялық тыңайтқыштар. Бұл жобаны мамандар отандық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырған. Үш жыл сынақтан өткен соң, биогаз кешені коммерцияландырыла бастайды. Әзірше тәулігіне 16 тонна биотыңайтқыш пен 30 текше метр биогаз өндіру жоспарлануда. Жоба жетекшілері бұл көрсеткішті болашақта бірнеше есе ұлғайтуды көздейді. Сол кезде шетелдік компанияларға ешқандай тәуелділік болмайды деп отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Биогаз #кешен #отандық ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);