AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысында медресе оқушылары қытай кеспесіне...

Алматы облысында медресе оқушылары қытай кеспесінен уланып қалды

Оқиға 15.02.2023, 03:30 1,046 Almaty-akshamy
Алматы облысында медресе оқушылары қытай кеспесінен уланып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Балалар тәрбиеші "қытай кеспесін" бергенін айтқан


Алматы облысында төрт оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Олар - Ұзынағаштағы "Саурық" қайырымдылық мекемесінде тұратын аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. 14 жастағы жасөспірімдер дәрігерлерге тәрбиеші тез дайындалатын кеспені бергенін айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Төрт бала Жамбыл ауданы ауруханасына кеше 08:00 шамасында жеткізілген. Бәрі бірдей астан уланған. Олар тәрбиеші "қытай кеспесін" бергенін айтқан.



"Балалар "кешкі аста өздері берді" деп айтты. Олар басы ауырып, іші өтіп, әлсіз болып, құсқанына шағымданды. Балаларға жедел көмек көрсетіліп, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Емдеу дәрігері хабарласқанда, балаларды ешкім іздеп келген жоқ. Жетекшісі, ата-аналары келген жоқ деді", - дейді Жамбыл ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күлзада Арынова.



Ал мекеме басшысы кеспені балалар "өздері әкелгенін" айтқан. Қазір бұл жағдайға қатысты тексеру басталған.



"Олар өзі не әкеліп жеген екен, хабарымыз да болған жоқ, сосын таңертең ауырып тұрмыз дегеннен кейін "жедел жәрдем" шақырып жіберген едік. Ата-аналарының хабары бар, біз мына жерде сенімхатпен алғаннан кейін, бүкіл дәрі-дәрмегі, қаражат жағынан болсын, бәрін апарып, өзіміз көмектесіп жатырмыз", -деді "Саурық" қайырымдылық мекемесінің директоры Құсайын Қасымбеков.



КТК телеарнасының хабарлауынша, оқушылардың жатын бөлмесінің қабырғасы көгерген, бөлме салқын. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл қайырымдылық мекемесінде ұлдарға теріс бағытта діни уағыз айтылады деп отыр.


Аудан әкімдігі орталықтың ресми тіркелгенін, дегенмен кейінгі жағдайға байланысты қосымша тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген.



"Өзіміздің тарапымыздан, діни басқармадан, теолог тарапынан және қосымша тексереміз. Санитарлық-эпидемиологиялық департамент тарапынан бақылауға алып, осы жұмыстардың алдын алу, болашақта болмауы үшін, осы мәселені бәрін бақылауға аламыз", - дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы.



Уланған төрт бала жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Үш күнде шығуы мүмкін. Ал тексеру қорытындысы бойынша "Саурық" мекемесінде уланғаны расталса, басшылығы заң жүзінде жауапқа тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеспе #Уланған #Медресе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);