Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шете...

Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды

Заң мен тəртіп 12.08.2024, 18:48 972
Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды
Сурет: Polisia.kz

Өткен демалыс күндері Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтады.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен “Алтын Орда” сауда-логистикалық орталығын тексерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Нәтижесінде ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – атап өтті облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов. 

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі ҚР аумағына жұмыс істеу үшін кірген. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады. 

– Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және шетелдіктердің болуы туралы ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға ӘҚБтК бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Р. Жарықбасов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көші-қон заңнамасы #заң бұзғандар #Алматы облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Бүгін 16:17

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Бүгін 15:25

Қытайдың ірі құрылыс компаниясы Алматыдағы жобаларға қатысу аясын кеңейтпек

Бүгін 15:16

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика