Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында көктайғақ, бұрқасын болады

Алматы облысында көктайғақ, бұрқасын болады

Әлеумет 15.11.2021, 02:13 1,113
Алматы облысында көктайғақ, бұрқасын болады
Cурет: 24.kz

 Жел секундына 15-20 метрге жетеді


«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 15-і күні болатын ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, бүгін солтүстік-батыс циклоны Қазақстан территориясымен тез жылжи отырып, еліміздің солтүстік жартысында көбінесе қар, оңтүстігіне жаңбыр жаууына ықпал етеді.


Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстікте тұман түседі.


Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Қостанай облысының солтүстігінде жел секундына 15 метр жылдамдықпен ұйтқиды және жаяу бұрқасын болады.


Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ блады.


Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, түнде екпіні 23 м/с болады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с болады және одан асуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.


Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.


Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында, таңертең және түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.


Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 25 метр болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Бұрқасын #Қазгидромед
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика