AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысында есірткі жасайтындар 18 млн теңгег...

Алматы облысында есірткі жасайтындар 18 млн теңгеге ферма сатып алған

Оқиға 30.01.2023, 08:20 1,108 Almaty-akshamy.kz. 
Алматы облысында есірткі жасайтындар 18 млн теңгеге ферма сатып алған
Сурет: El.kz

Алматы облысының полицейлері Іле ауданы аумағында ірі көлемдегі есірткі жасайтын зертхананы анықтап, жолын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Алматы облысында полицейлер есірткінің ауқымды өндірісін тоқтатты. Атап айтқанда, Іле ауданының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен бірлесіп есірткі зертханасын құрмақ болғандардың жолын кесті. Межреченск кенті маңындағы құрылыс полицейлердің назарын аударды. Анықталғандай, белгісіз біреулер 1 гектар жерді таспен қоршап, ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жабдықтар әкеліп, трансформаторды электр желісіне қосқан. 20 канистрді прекурсорлармен тасымалдау кезінде полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.



Ұсталғандардан психикалық белсенді заттар табылған.


«Аталған құрылыс алаңы бұрын ферма болған, кейін күдіктілердің бірі оны 18 млн теңгеге сатып алған. Учаскені биік етіп қоршап, көзден тасалаған және уақытша баспана, монша мен гараж салған. Күдіктілер сырт көзді алдау үшін мал ұстайтын орындарды да қарастырған. Ал есірткі жасап шығаруға арналған бөлек бөлме бар болып шықты. Ескірткі зертханасының іші толық жабдықталған», - дейді ол.


Оның айтуынша, күдіктілерден есірткі өндіруге арналған жабдықтар мен 1000 литрден астам прекурсор тәркіленді. Сондай-ақ, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #Нашақор #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);