AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысында ер адам өзімен сөзге келген ерлі-...

Алматы облысында ер адам өзімен сөзге келген ерлі-зайыптыларға оқ атты

Оқиға 09.06.2022, 14:40 1,229
Алматы облысында ер адам өзімен сөзге келген ерлі-зайыптыларға оқ атты
Cурет: Polisia.kz

34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды


Алматы облысының полицейлері ерлі-зайыптыларға оқ атқан 24 жастағы талдықорғандықты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы облысы ПД мәліметінше, оқыс оқиға 8 маусымда Ескелді ауданының Қоңыр ауылында орын алған.


Жас жігіттің 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалғаны анықталды. Оның арты төбелеске ұласып, бір кезде күдікті өзінің "Mitsubishi Pajero" көлігінен 12 калибрлі аңшы мылтығын алып шығып, ерлі-зайыптыларға оқ атқан. Оқтан жараланған әйел мен ер адам Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жатқызылды.



«Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бабымен қоса, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қолға алынды», - деп хабарлады Ескелді аудандық полициясы.



Қамауға алынған күдікті бұрын үш рет сотты болғаны анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Аңшылық мылтық тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқ атты #қылмыс #атыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);