Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында бір ай ішінде 3 барымташылар тобы...

Алматы облысында бір ай ішінде 3 барымташылар тобы ұсталды

Заң мен тəртіп 26.02.2025, 17:12 1,219
Алматы облысында бір ай ішінде 3 барымташылар тобы ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Осы айда Алматы облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығы бойынша үш қылмыстық топты құрықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 10 адам анықталып, ұсталды. Олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, соңғы операция 22 ақпанда өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға арызданған, оның қорасынан бес жылқы ұрланған. Келтірілген шығын 5 миллион теңге шамасында болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 және 34 жастағы екі күдікті ұсталды, олар қамауға алынып, ұрланған мал иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар Кеген ауданында 35 жастағы жергілікті тұрғынның жылқы ұрлығын кәсіп еткені анықталды. Бұл күдікті тоғыз бас малды ұрлап, үшінші тұлғаларға қайта сатқан. Сатып алушылар бұл деректі растағаннан кейін, күдікті өз кінәсін мойындады. Жалпы шығын 4 миллион теңгеден асты. Жыл басынан бері Жамбыл ауданында үш бірдей мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топ құрықталды, олар жасаған 20 қылмыс эпизоды дәлелденді. Аталған қылмыстардың нәтижесінде 460 бас мал ұрланған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдіктілер сатып үлгермеген мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қайтарылған мүліктің жалпы құны 13 миллион теңгеден асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Мал ұрлығы #Қылмыстық топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика