Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы облысында алғаш рет құлағы естімейтін науқа...

Алматы облысында алғаш рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды

Медицина 12.05.2023, 03:30 2,400
Алматы облысында алғаш рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды
Сурет: Ашық дереккөз

Кохлеарлық имплантация еліміздің бірнеше клиникаларында ғана жүзеге асырылады


Алматы облысында алғашқы рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша жоғары технологиялық ота жасалды. Мұндай хирургиялық оталар екі құлағы да саңырау немесе 4-дәрежелі есту қабілетін жоғалтқан адамдарға жасалады.


«Кохлеарлық имплантация» әдісі бойынша есту жүйкесінің талшықтарын тікелей электрлік ынталандыру арқылы ішкі құлаққа электродтық жүйелерді енгізеді.


Кохлеарлық имплантация еліміздің бірнеше клиникаларында ғана жүзеге асырылады. Бүгінгі күні, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Оториноларингология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМБУ директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Диаб Хассанның қатысуымен ота жасап, тәжірибемен алмасты.



«Мастер-класс аясында 8 ота жасалды. Олардың арасында кохлеарлық имплантация, эндолимфа қапшығын дренаждау, тимпанопластика және оссикулопластикамен санитарлық операциялар болды. Бұл ересек адамдар болғандықтан, көпшілігінде қосалқы аурулар бар, сондықтан дәрігерлер алдымен толық диагностикадан өткен науқастарға жоспарлы түрде ота жасауды жөн көрді. Енді кезекте, облыс тұрғындары көпсалалы аурухана қабырғасында есту қабілетін қалпына келтіруге толық мүмкіндіктері бар», - деді профессор Диаб Хассан.



«Алматы облысы бойынша диспансерлік есепте құлақ аурулары бар, оның ішінде есту қабілетінен айырылған 1000-нан астам науқас тіркеуде тұр. Оториноларингологиялық көмек көрсетуді арттыру қажеттілігін ескере отырып, біз Алматы облысында алғаш рет кохлеарлық имплантация бойынша ота жасадық. Бұрын біздің науқастарда мұндай мүмкіндік болмаған еді, облыс тұрғындары үлкен қалалардағы клиникаларға баруға мәжбүр болған.»Кохлеарлық имплантация науқастың есту қабілетін 100% қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл дыбыс әлеміне қайтудың тек алғашқы қадамы, содан кейін есту-сөйлеуді қалпына келтіру керек. Біздің мақсатымыз-Алматы облысының тұрғындарымен қатар өзге де аймақ тұрғындарының есту қабілетін қалпына келтіруге көмектесу», - дейді бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Асқарқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құлақ #ота #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика